Самұрықнама: 20 игі іс ✨
20 қыркүйек пен 13 қазан аралығында «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында «Самұрықнама: 20 игі іс» акциясы өтеді.
📍20 күн ішінде топ қызметкерлері экологиялық, әлеуметтік, білім беру және қайырымдылық бастамаларын жүзеге асырады. Олардың қатарында сенбіліктер мен көгалдандыру жұмыстары, инклюзияны және қарттарды қолдауға бағытталған акциялар, кәсіби бағдар беру кездесулері, цифрлық сауаттылық пен қауіпсіздік бойынша сабақтар, көмекке мұқтаж жандарға қажетті заттарды жинау және басқа да игі істер бар.
Акцияның қорытындысы ретінде «Семей орманы» және «Ертіс орманы» табиғи резерваттарында көшеттер отырғызылады.
☀️20 күн – адамдарға, қоғамға және қоршаған ортаға пайдалы іс атқаруға 20 мүмкіндік.
🔘
Самұрықнама: 20 благих дел ✨
С 20 сентября по 13 октября в компаниях группы «Самрук-Қазына» пройдет акция «Самұрықнама: 20 благих дел».
📍В течение 20 дней сотрудники Группы будут проводить экологические, социальные, образовательные и благотворительные инициативы: субботники и озеленение, акции в поддержку инклюзии и старшего поколения, профориентационные встречи, занятия по цифровой грамотности и безопасности, сбор вещей для тех, кому нужна помощь, и другие добрые дела.
Финалом акции станет посадка сеянцев в лесных резерватах «Семей орманы» и «Ертіс орманы».
☀️20 дней - 20 поводов сделать что-то полезное для людей, общества и окружающей среды.
Post #1031
67
Forwarded from SAMRUK-KAZYNA official
