TGViewer
СҚО әкімдігі СҚО әкімдігі @skoakimdik · 1.44K subscribers
Post #10425 61
Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері Астанадағы жәрмеңкеге мың тоннадан астам өнім жеткізді

17–18 қазан күндері Астана қаласында Солтүстік Қазақстан облысының ауқымды ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде. Елорда тұрғындары мен қонақтарына өңірдің 13 ауданы мен Петропавл қаласынан келген 110-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен өңдеуші кәсіпорын өз өнімдерін ұсынуда.

Солтүстікқазақстандық шаруалар елордаға мың тоннадан астам азық-түлік өнімін жеткізді. Атап айтқанда, жәрмеңкеде 110 тонна ет, 585 тонна картоп пен көкөніс, 44,5 тонна сүт өнімдері, 221 тонна ұн және макарон өнімдері, 22 тонна шұжық өнімдері, 120 мың дана жұмыртқа, сондай-ақ балық, бал және өзге де азық-түлік түрлері ұсынылған. Барлық өнім нарықтағы бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен сатылуда.

Жәрмеңкеде өңірдің жетекші кәсіпорындарының өнімдері кеңінен ұсынылған. Олардың қатарында «Зенченко және К» КС, «Масло-Дел Петропавловск», «Саумалкөл SUT», «Сұлтан ЭММК», «Hikmet LTD», «ҚазЕтӨнім», «EMC Agro», «Северный Бройлер» және басқа да белгілі отандық өндірушілер бар. Келушілер сапалы әрі балғын азық-түлікті тікелей өндірушілерден сатып ала алады.

Солтүстік Қазақстан облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі. Аймақ Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып келеді. Осындай жәрмеңкелер отандық өнімдердің кең ассортиментін таныстырумен қатар, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тікелей байланысты нығайтуға, өткізу нарығын кеңейтуге және елорда тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жәрмеңке Астана қаласы, Қарқаралы тасжолы, 1 мекенжайында орналасқан «Қазанат» ипподромының аумағында өтуде. Жұмыс уақыты: 17–18 қазан, сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін.
  • 🤩 1
More from @skoakimdik
  1. Oct 17, 2026video post
  2. Oct 17, 2026photo post
  3. Oct 17, 2026Североказахстанские аграрии представили более тысячи тонн продукции на сельскохозяйственно…
  4. Oct 16, 2026video post
  5. Oct 16, 2026photo post
  6. Oct 16, 2026СКО укрепляет потенциал мясного животноводства Впервые в регион организована прямая постав…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →