TGViewer
СҚО әкімдігі СҚО әкімдігі @skoakimdik · 1.44K subscribers
Post #10392 138
СҚО-да облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарына құрмет көрсетілді

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық мәслихаттың VIII шақырылым депутаттарының қызметін қорытындылауға арналған салтанатты жиынға қатысты.

12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Алдағы кезектен тыс сайлау еліміздегі саяси жаңғырудың, өкілді органдардың рөлін одан әрі арттырудың маңызды кезеңі болмақ.

VIII шақырылымдағы облыстық мәслихаттың жұмыс кезеңінде 40 сессия өткізіліп, 463 шешім, оның ішінде 93 нормативтік құқықтық акт қабылданды. Өңір басшысы депутаттық корпус пен атқарушы билік арасындағы сындарлы ынтымақтастықты ерекше атап өтті. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар жүзеге асырылды.

Ғауез Нұрмұхамбетов депутаттарға нәтижелі еңбегі, белсенді азаматтық ұстанымы және өңірдің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді. Салтанатты жиында облыс әкімі депутаттарға Құрмет грамоталарын табыстап, Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына арналған мерейтойлық кітаптарды тарту етті.
  • 🤩 1
More from @skoakimdik
  1. Oct 16, 2026🌾🥖 Облыс әкімінің Халықаралық нан күніне арналған құттықтауы 16 қазан – Халықаралық нан…
  2. Oct 14, 2026video post
  3. Oct 14, 2026photo post
  4. Oct 14, 2026photo post
  5. Oct 14, 2026В СКО состоялось чествование депутатов областного маслихата VIII созыва Аким Северо-Казахс…
  6. Oct 13, 2026⚡️ Облыс әкімі СҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің жаңа басшысын таныстырды…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →