TGViewer
СҚО әкімдігі СҚО әкімдігі @skoakimdik · 1.44K subscribers
Post #10368 194
⚡️Тағайындау

Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Жанат Төлегенұлы Сексенбаев облыс әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Жанат Сексенбаев 44 жаста, Ақмола облысы Сандықтау ауданы Острогорка ауылының тумасы. Қазақ ұлттық музыка академиясын «Дирижер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ М. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университетінде іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын Қазақ ұлттық музыка академиясында бастаған. Әр жылдары «Дегдар» гуманитарлық қорының бас координаторы, Астана ұлттық картиналар галереясы мен Бейбітшілік және келісім сарайында концерттік қызметтің басшысы болып еңбек етті. Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында арнайы жобаларды ұйымдастыру және концерт бөлімінің басшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы бас директорының орынбасары болды.

Осы тағайындауға дейін К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залының сақтаушысы қызметін атқарды.

⚡️Назначение

Распоряжением акима области и по согласованию с Агентством Республики Казахстан по делам государственной службы Жанат Толегенович Сексенбаев назначен руководителем управления культуры, развития языков и архивного дела акимата Северо-Казахстанской области.

Жанату Сексенбаеву 44 года. Родился в селе Острогорка Сандыктауского района Акмолинской области. Окончил Казахскую национальную академию музыки по специальности «Дирижирование». Также получил степень магистра делового администрирования в Казахском государственном юридическом университете имени М. Нарикбаева.

Трудовую деятельность начал в Казахской национальной академии музыки. В разные годы работал главным координатором гуманитарного фонда «Дегдар», руководителем концертной деятельности Национальной картинной галереи «Астана» и Дворца мира и согласия. Также занимал должности руководителя отдела организации специальных проектов и концертной деятельности, заместителя директора Государственной концертной организации «Қазақконцерт» имени Р.Баглановой Министерства культуры и спорта РК . Работал заместителем генерального директора Государственной академической филармонии имени Е. Рахмадиева.

До настоящего назначения занимал должность хранителя органного зала Казахского национального университета искусств имени К. Байсеитовой.
  • 🤩 1
More from @skoakimdik
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026photo post
  3. Oct 5, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →