TGViewer
СҚО әкімдігі СҚО әкімдігі @skoakimdik · 1.43K subscribers
Post #10334 163
⚜️ Облыс әкімінің Ұстаздар күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар, педагогикалық еңбек ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз мамандығы қай уақытта да ерекше құрметке ие. Өйткені балаға білім әлемінің есігін ашып, оның қабілетін танып, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, өмірлік бағдар беретін - ұстаз.

Бүгінде білім беру жүйесінің алдында жаңа міндеттер тұрған кезеңде мұғалімнің рөлі бұрынғыдан да арта түсті. Болашақ ұрпақтың зияткерлік және рухани әлеуеті сіздердің кәсіби біліктіліктеріңізге, даналықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңізге тікелей байланысты. Күнделікті қажырлы еңбектеріңіз, мамандыққа деген адалдықтарыңыз бен балаларға деген шынайы қамқорлықтарыңыз шәкірттеріміздің жетістіктері мен жеңістерінен айқын көрінеді.

Педагогикалық еңбек ардагерлеріне айрықша алғысымды білдіремін. Сіздер өңіріміздің білім беру жүйесінің берік негізін қалап, мол тәжірибелеріңізбен және өнегелі өмір жолдарыңызбен жас ұстаздарға үлгі болып келесіздер.

Жоғары кәсібиліктеріңіз, мамандықтарыңызға адалдықтарыңыз үшін баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз — Солтүстік Қазақстан облысының ғана емес, тұтас еліміздің болашағына қосылған зор үлес. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат пен жаңа кәсіби табыстар тілеймін!
More from @skoakimdik
  1. Oct 5, 2026video post
  2. Oct 5, 2026photo post
  3. Oct 5, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →