TGViewer
СҚО әкімдігі СҚО әкімдігі @skoakimdik · 1.44K subscribers
Post #10272 224
Петропавлда донат өндіретін зауыт іске қосылды

✔️ «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында «Бейкертон» зауытының алғашқы өндірістік желісі іске қосылды. Жобаға 37 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығарады.

✔️ Мемлекет басшысы сапалы инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу міндетін қойып отыр. Жаңа өндірістің іске қосылуы — Солтүстік Қазақстан облысындағы осы жұмыстың нақты нәтижесі.

✔️ Зауытта Австрия, Германия, Италия, Испания және Франциядан әкелінген жабдықтар орнатылған. Өндірістің жекелеген операцияларын сегіз робот адамның қатысуынсыз орындайды. Кешен екі желіден тұрады. Толық қуатына шыққаннан кейін жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Екінші желі іске қосылған соң 378 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Өнім Қазақстан нарығына жеткізіліп, Ресейге, Қырғызстанға және Өзбекстанға экспортталады.

✔️ Жалпы, «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында 22 қатысушы тіркелген. Олардың жобаларына салынатын инвестиция көлемі 411 млрд теңгеден асады, ал алдағы уақытта шамамен 4,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу көзделген. Мұнда Германия, Италия, Түркия, Ресей, Қытай және басқа да елдердің инвесторлары жұмыс істейді.
  • 👍 2
  • 🤩 1
More from @skoakimdik
  1. Oct 9, 2026video post
  2. Oct 9, 2026photo post
  3. Oct 9, 2026photo post
  4. Oct 9, 2026В районе имени Г. Мусрепова реализуют новые инвестиционные и социальные проекты Аким облас…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →