TGViewer
Silleno LLP Silleno LLP @silleno_llp · 1.74K subscribers
Post #1052 434
Силлено Атырау облысында салынып жатқан болашақ полиэтилен зауыты үшін кадр даярлау жұмыстарын жалғастыруда

Жас мамандарды даярлау білім беру ұйымдарымен серіктестікте жүзеге асырылып келеді. Пилоттық іріктеу 2025 жылы басталды және бүгінде Атырау облысындағы жетекші оқу орындарында — С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде, С. Мұқашев атындағы Атырау жоғары политехникалық колледжінде және APEC PetroTechnic оқу орнында жалғасуда.

Еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту аясында 15–17 қыркүйек аралығында Силлено компаниясының операциялық блог өкілдері Қазақстан-Британ техникалық университетіне, Satbayev University-ге және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды. Бұған дейін аталған жоғары оқу орындарымен мұнай-газ химиясы саласына мамандар даярлау бойынша бірлескен жұмысты көздейтін ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған болатын.

Кәсіпорынның болашақ командасының бір бөлігін жоғары оқу орындары мен колледж түлектерінен жасақтау жоспарланып отыр. Ең алдымен техникалық бейіндегі мамандарға — технологиялық қондырғылар операторларына, машинистерге, сондай-ақ жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мамандарына сұраныс жоғары болады.

Білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық болашақ кандидаттарды іріктеумен ғана шектелмей, оларды кешенді кәсіби даярлауды да қамтиды. Оқу бағытына қарай бағдарлама теориялық дайындықты, мамандандырылған курстарды, практикалық сабақтарды, өндірістік және дипломалды практиканы, тәлімгерлікті, сондай-ақ кәсіпорындарда тағылымдамадан өтуді көздейді.

Жоғары оқу орындары мен колледждермен өзара іс-қимылды дамыту — Силлено компаниясының Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске қосуға және одан әрі пайдалануға қатысатын кәсіби мамандарды қалыптастыру жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі.
  • 👍 3
More from @silleno_llp
  1. Sep 19, 2026▶️«Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев жобадағы ең ірі бағананы орнату жұмыстары ту…
  2. Sep 19, 2026На будущем заводе по производству полиэтилена установили крупнейшую колонну проекта 🗣19 с…
  3. Sep 19, 2026Болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағананы орнату аяқталды 🗣2026 жылдың 19 қыр…
  4. Sep 18, 2026Силлено приняло участие в форуме PetroMaintenance 2026 Силлено приняло участие в форуме по…
  5. Sep 18, 2026Силлено PetroMaintenance 2026 форумына қатысты Силлено PetroMaintenance 2026 мұнай-газ жаб…
  6. Sep 17, 2026Силлено продолжает работу по подготовке кадров для будущего завода по производству полиэти…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →