TGViewer
Ruslan Zheldibay Ruslan Zheldibay @ruslanzheldibay · 3.29K subscribers
Post #151 3.85K
Жекеме келген хаттар мен телефоныма түсіп жатқан қоңырауларға бірден жауап беруге мүмкіндігім болмады.

Баршаңызға жеке-жеке алғыс айта алмасам, түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймын.

Бірге қызмет атқарған әріптестеріммен де толық қоштасып үлгермедім. Бәріміздің мақсатымыз – бір, арманымыз – ортақ. Ол – Мемлекетіміздің бүгіні мен болашағына адал қызмет ету. Сол жолда әрқайсысыңызбен тізе қосып еңбек ету мен үшін маңызды кезең болды.

Бұл уақыт мемлекеттік қызметтің, ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмыстың мәнін терең түсінуге мүмкіндік берген тәжірибе ретінде мәңгі жадымда қалады. Барша әріптесімнің алда атқаратын қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін.

Ең бастысы, осындай жауапты міндеттерді атқаруға мүмкіндік берген Мемлекет басшысына шынайы ризашылығымды білдіремін!

Жасымызға қарамай зор жауапкершілік жүктеуі біздің буынға және болашаққа деген сенім деп қабылдадым. Мұндай сенімге ие болу мен үшін әрдайым зор мәртебе. Мемлекет басшысына алғысым шексіз!

Болашақта да ел мүддесіне қызмет ете береміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
More from @ruslanzheldibay
  1. Jan 31, 2026Искренне благодарю всех, кто в эти дни направил мне добрые пожелания. К сожалению, у меня…
  2. Jan 24, 2026📢 Сегодня состоится первое заседание Комиссии по Конституционной реформе (Конституционной…
  3. Jan 24, 2026📢 Бүгін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның (Конституциялық комиссия) алғашқы…
  4. Jan 22, 2026Представители ряда СМИ обратились с просьбой прокомментировать содержание краткой беседы Г…
  5. Jan 22, 2026Бірқатар БАҚ өкілдері Давоста өткен Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қою рәсімінде Мемл…
  6. Jan 19, 202620 января в Кызылорде состоится V заседание Национального курултая. В ходе мероприятия Пре…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →