TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 685 subscribers
Post #2324 256
🇹🇷 «Аккую» АЭС-інің төртінші энергоблогында машина залының плитасын бетондау аяқталды 🏗
 
Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің алаңында №4 энергоблоктың машина залының +18 метр белгісіндегі жабын плитасы бетондалды. Плита машина залының еденіне айналады: одан негізгі жабдықтарға – турбинаға, білік бұрағыш құрылғыға және генераторға қызмет көрсетіледі.
 
👷 Жұмысқа екі ауысымда 120 маман қатысты. Олар арматуралау жұмыстарын жүргізіп, бетон сорғыларының көмегімен 1801 м³ бетон қоспасын құйып, қуыстарды жою үшін дірілдетіп нығыздады. Келесі кезең – турбоагрегатқа арналған іргетасты дайындау: ол үшін 308 тонна беріктігі жоғары болат пен 2238 м³ бетон қажет болады.
 
«Ең ірі ресей-түрік жобасы маңызды кезеңнен өтіп жатыр. Жұмыс барлық төрт блокта жүргізілуде, бұрыннан бар инфрақұрылымға саланың жоғары сенімділік стандарттарына сай келетін жаңа нысандар қосылуда», – деп атап өтті «Аккую Нуклеар» АҚ бас директоры Сергей Буцких.
  • 😍 2
  • ⚡ 1
  • 🏆 1
More from @rosatom_ca
  1. Oct 15, 2026«Росатом» приступил к реабилитации объекта уранового наследия в Таджикистане Центральный п…
  2. Oct 15, 2026«Росатом» Тәжікстандағы уран мұрасы нысанын оңалтуға кірісті Орталық жобалау-технологиялық…
  3. Oct 14, 2026Қытайдағы «Тяньвань» АЭС-інің № 7 энергоблогында энергетикалық іске қосу басталды 8 қазанд…
  4. Oct 13, 2026🇹🇷 На четвёртом энергоблоке АЭС «Аккую» завершили бетонирование плиты машинного зала 🏗…
  5. Oct 13, 2026Первый энергоблок АЭС «Руппур» в Бангладеш вышел на минимально контролируемый уровень мощн…
  6. Oct 13, 2026Бангладештегі «Руппур» АЭС-інің бірінші энергоблогы ең төменгі бақыланатын қуат деңгейіне…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →