Шесть лет в промышленной эксплуатации: плавучая АЭС «Академик Ломоносов»
22 мая исполнилось шесть лет с момента ввода в промышленную эксплуатацию плавучей атомной теплоэлектростанции (ПАТЭС) с энергоблоком «Академик Ломоносов». Сегодня она остается единственной в мире действующей плавучей атомной теплоэлектростанцией.
ПАТЭС расположена в городе Певек Чукотского автономного округа. Станция обеспечивает выработку электрической и тепловой энергии для Чаун-Билибинского энергоузла, а также участвует в энергоснабжении удаленных территорий региона.
Плавучий энергоблок оснащен двумя реакторными установками КЛТ-40С. Помимо производства электроэнергии, станция обеспечивает теплоснабжение Певека.
С момента включения в сеть, станция выработала более 1,3 миллиарда кВт*ч электроэнергии, а в 2026 году продолжает показывать эффективную работу, выработав за первые 5 месяцев рекордные 141,77 млн МВт*ч, что вдвое превышает показатель прошлого года за аналогичный период.
«Академик Ломоносов» жүзбелі АЭС-і: өнеркәсіптік пайдалануға берілгеніне алты жыл
22 мамырда «Академик Ломоносов» энергоблогы бар жүзбелі атомдық жылу электр станциясының (ЖАЖЭС) өнеркәсіптік пайдалануға берілгеніне алты жыл толды. Бүгінде бұл – әлемдегі өнеркәсіптік пайдаланудағы жалғыз жүзбелі атомдық жылу электр станциясы.
ЖАЖЭС Чукотка автономиялық округінің Певек қаласында орналасқан. Станция Чаун–Билибино энергия торабы үшін электр және жылу энергиясын өндіреді, сондай-ақ өңірдің шалғай аумақтарын энергиямен қамтамасыз етуге қатысады.
Жүзбелі энергоблок КЛТ-40С типті екі реакторлық қондырғымен жабдықталған. Электр энергиясын өндірумен қатар, станция Певек қаласын жылумен қамтамасыз етеді.
Желіге қосылған сәттен бастап станция 1,3 миллиард кВт·сағ-тан астам электр энергиясын өндірді. 2026 жылы ол тиімді жұмысын жалғастырып, алғашқы бес айда 141,77 млн МВт·сағ көлемінде рекордтық электр энергиясын өндірді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе жоғары көрсеткіш.
Post #2220
140

- ❤ 2