«Росатом» мемлекеттік корпорациясының «Автоматтандырылған басқару жүйелері және электротехника» дивизионына кіретін «Парус электро»компаниясы атом электр станциялары мен өнеркәсіптік нысандарға арналған жоғарғы деңгейдегі басқару жүйелері - «интеллектуалды контурдың» техникалық құралдарын сериялық өндіруді бастады.
Жабдық технологиялық процестердің жұмысы туралы деректерді орталықтандырылған түрде жинауға, өңдеуге және визуализациялауға, сондай-ақ операторлардың автоматтандырылған жұмыс орындары мен мамандандырылған серверлік сөрелер арқылы оларды басқаруға арналған.
«Электр энергетикасы нысандарын салудың бас схемасы өндірістік және экономикалық тиімділікке жоғары талаптар қояды. Біз бұл міндеттерге жүйелерді біріздендіру және өндірістегі өз күшіміздің үлесін арттыру арқылы жауап беріп отырмыз. «Парус электро» шығарған пилоттық партияның нәтижелері өндіріс мерзімін 25%-ға қысқартуға және жабдықтың құнын 16%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін көрсетті. Сериялық өндіріс басталды, ал жабдықтың жаңа партиясы биыл күзде Калинин АЭС-інің №2 энергоблогының автоматтандырылған басқару жүйесін жаңғырту жобасында пайдаланар алдында қажетті сынақтардан өту үшін сынақ алаңына жөнелтіледі», - деді «РАСУ» АҚ бас директоры Андрей Бутко.
«Интеллектуалды контурды» әзірлеу және оны сериялық өндіріске енгізу «Парус электро» компаниясының атом саласындағы құзыреттерін дамытудағы келесі қадам болды.
«Парус электро» начало производство оборудования «интеллектуального контура» для управления АЭС.
«Парус электро», входящий в дивизион «Автоматизированные системы управления и электротехника» госкорпорации «Росатом», начал серийное производство технических средств «интеллектуального контура» — систем верхнего уровня управления для атомных электростанций и промышленных объектов.
Оборудование предназначено для централизованного сбора, обработки и визуализации данных о работе технологических процессов, а также для управления ими с помощью автоматизированных рабочих мест операторов и специализированных серверных стоек.
«Генеральная схема сооружения объектов электроэнергетики предъявляет повышенные требования к производственной и экономической эффективности. Мы отвечаем на эти вызовы через типизацию и увеличение доли собственных сил в производстве систем: результаты пилотной партии, изготовленной «Парус электро», продемонстрировали положительные эффекты в сокращении срока изготовления на 25 % и снижении стоимости оборудования на 16 %. Серийное производство стартовало, новая партия оборудования осенью этого года будет отгружена на полигон для прохождения необходимых испытаний перед использованием в проекте модернизации автоматизированной системы управления энергоблока № 2 Калининской АЭС», - отметил генеральный директор АО «РАСУ» Андрей Бутко.
Разработка и запуск производства «интеллектуального контура» стали следующим шагом в развитии компетенций «Парус электро» в атомной отрасли.
