АЭС құрылысы басталғанға дейін қандай жұмыс атқарылады?
Құрылыс алаңына алғашқы техника келгенге дейін ұзаққа созылатын жүйелі дайындық жұмыстары жүргізіледі. Әрбір кезең алдыңғысының нәтижесіне сүйенеді, сондықтан алдын ала дайындық жұмыстарының кем дегенде бір кезеңі орындалмаса, құрылысқа лицензия алу мүмкін емес.
Геологиялық зерттеулер. Мамандар топырақтың әртүрлі тереңдіктегі құрамын зерттейді. Бұл деректер станция іргетасының қалай жобаланатынын және алаң үшін қандай инженерлік шешімдер қажет болатынын анықтайды.
Инженерлік ізденістер. Келесі кезеңде өңірдің ұзақ мерзімдегі сейсмикалық белсенділігі, іргелес аумақтың су режимі, жыл бойғы температуралық жағдайлары, жел жүктемелері мен жауын-шашын көлемі зерттеледі. Қазіргі уақытта дәл осы кезең Балқаш АЭС-інің болашақ алаңында, Үлкен ауылында жүргізілуде. Соңғы мәліметтерге сәйкес, жұмыстардың дайындық деңгейі шамамен 95%-ды құрайды.
Экологиялық зерттеулер. Бұл кезеңде болашақ станцияның жергілікті экожүйеге, соның ішінде су ресурстары мен айналадағы аумақтың биоалуантүрлілігіне ықтимал әсері бағаланады.
Жобалау. Алдыңғы кезеңдердің барлық деректері жиналып, жан-жақты талданғаннан кейін ғана инженерлер типтік технологиялық жобаны нақты алаңның геологиялық, сейсмикалық және климаттық ерекшеліктеріне бейімдейді.
Post #2209
158

- ❤ 2
- 👍 2
- 🔥 2
- ⚡ 1