TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 661 subscribers
Post #2197 233
🇪🇬 Мысырдағы «Эль-Дабаа» АЭС-інің №2 энергоблогында реактор корпусы орнатылды.


Мысырдағы «Эль-Дабаа» АЭС-інің №2 энергоблогында реактор корпусы жобалық орнына орнатылды.
Бұл – атом электр станциясы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі.

Болашақта дәл осы корпустың ішінде энергия өндірілетін реактордың белсенді аймағы орналасады. Салмағы 340 тоннадан асатын жабдық 1350 тонналық шынжыр табанды кранның көмегімен 0,1 мм дәлдікпен орнатылды.

Енді құрылыс келесі маңызды кезеңге – негізгі циркуляциялық құбырды дәнекерлеуге көшеді. Бұл құбыр реакторды бу генераторларымен және бірінші контурдың негізгі жабдықтарымен байланыстырып, жылу тасымалдағыштың үздіксіз айналымын қамтамасыз етеді.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвтің айтуынша, жоба жоғары қарқынмен жүзеге асырылып жатыр: бірінші энергоблоктың реактор корпусы небәрі жеті ай бұрын орнатылса, бүгінде дәл осындай операция екінші блокта да сәтті аяқталды. Бұл станцияның бірнеше энергоблогында құрылыс жұмыстарының қатар жүргізіліп жатқанын көрсетеді.


«Эль-Дабаа» – Мысырдағы алғашқы атом электр станциясы және «Росатомның» шетелдегі ең ірі жобаларының бірі. Станцияда әрқайсысының қуаты 1200 МВт болатын ВВЭР-1200 реакторларымен жабдықталған төрт энергоблок салынуда. Бұл жоба Ресейдің атом технологияларын кешенді экспорттаудың үлгісі болып табылады: құрылыспен қатар жабдықтар жеткізіліп, инженерлік шешімдер ұсынылады және ұзақ мерзімді әріптестік қалыптасады.
  • ❤ 5
  • 🔥 5
  • 🙏 3
More from @rosatom_ca
  1. Sep 29, 2026Почему АЭС работает круглосуточно? Атомные электростанции относятся к базовым источникам э…
  2. Sep 29, 2026👌 Неліктен АЭС тәулік бойы жұмыс істейді? Атом электр станциялары электр энергиясының баз…
  3. Sep 28, 2026Калинин АЭС-і экологиялық үлгілі ұйым деп танылды Калинин АЭС-і 2025 жылдың қорытындысы бо…
  4. Sep 26, 2026Росатом изготовил 30-й промышленный 3D-принтер В московском Центре аддитивных технологий с…
  5. Sep 26, 2026«Росатом» 30-шы өнеркәсіптік 3D-принтерін шығарды Мәскеудегі Аддитивті технологиялар ортал…
  6. Sep 24, 2026Post #2291
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →