TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 661 subscribers
Post #2195 286
🚢 Қазақстандық мектеп оқушысы атом мұзжарғышымен Солтүстік полюске аттанады

🌍 «Росатомның» қолдауымен ұйымдастырылған «Білім мұзжарғышы» халықаралық ғылыми-ағартушылық жобасының жетінші маусымы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздардың қатарында Қарағанды қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Анна Рагозина бар. Тамыз айында ол «50 лет Победы» атом мұзжарғышымен Солтүстік полюске экспедицияға қатысады.

📚 Биыл жобаның халықаралық бағытына 21 елден 14–16 жас аралығындағы 5 мыңға жуық оқушы қатысты. Ең көп өтінім дәл Қазақстаннан келіп түсті — 945 қатысушы, бұл жобаға қатысушы барлық елдер арасындағы рекордтық көрсеткіш болды.

💬 «Бала кезімнен ғылым мен жаңалықтар мені шабыттандырып келеді. Сондықтан Арктикаға барып, атом технологияларымен танысу мүмкіндігі мен үшін ерекше мәнге ие. Білім мен технологияның көмегімен әлемді жақсы жаққа өзгертуді мақсат еткен жоба аясында Қазақстанның атынан қатысатынымды мақтан тұтамын. Бұл экспедицияны үлкен тағатсыздықпен күтіп жүрмін және елімді лайықты таныстырып, Отаныма жарқын әсерлер мен жаңа білім алып ораламын деп үміттенемін», — деді Анна Рагозина.
  • ❤ 2
  • 🔥 2
  • 🙏 2
More from @rosatom_ca
  1. Sep 29, 2026Почему АЭС работает круглосуточно? Атомные электростанции относятся к базовым источникам э…
  2. Sep 29, 2026👌 Неліктен АЭС тәулік бойы жұмыс істейді? Атом электр станциялары электр энергиясының баз…
  3. Sep 28, 2026Калинин АЭС-і экологиялық үлгілі ұйым деп танылды Калинин АЭС-і 2025 жылдың қорытындысы бо…
  4. Sep 26, 2026Росатом изготовил 30-й промышленный 3D-принтер В московском Центре аддитивных технологий с…
  5. Sep 26, 2026«Росатом» 30-шы өнеркәсіптік 3D-принтерін шығарды Мәскеудегі Аддитивті технологиялар ортал…
  6. Sep 24, 2026Post #2291
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →