✨ Бүгін біз сіздер үшін Үндістан туралы соңғы деректі дайындадық! 🇮🇳
📢 Үндістан топтамасындағы жарияланымдар бойынша өтетін квизді жіберіп алмау үшін байланыста болыңыздар!
⚛️ Ресей мен Үндістанның атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының негізгі жобасы – ВВЭР-1000 типті су-сулы реакторлық қондырғылармен жабдықталған алты энергетикалық блоктан тұратын «Куданкулам» АЭС-ін салу. АЭС құрылысы Тамил Наду штатында жүргізілуде. Ал бұл Үндістанның оңтүстігіндегі штат несімен танымал? 🤔
🏛️ Тамил Наду штатын «храмдар жері» деп атайды және бұл бекер емес – әртүрлі дереккөздерге сәйкес, мұнда бірнеше ондаған мың храм бар. Ең әсерлілерінің бірі – индуизм құдайы Шиваға арналған Брахадисвара храмы. 🕉️
🌞 Бұл храм бір ерекше құпияны жасырып тұр: күн дәл төбеде тұрған кезде, оның алып мұнарасы жерге көлеңке түсірмейтіндей болып көрінеді.
📐 Оның сыры – геометриялық мүлтіксіздігінде. Түсте күн сәулесі мұнараға ерекше бұрышпен түсетіндіктен, көлеңке жер бетіне түспейді. Оның орнына көлеңке мұнараның бойымен «ағып», оның пішінін қайталап, іргетасына сіңіп кеткендей әсер қалдырады.
✨ Нәтижесінде көлеңке мүлде жоқтай көрінетін таңғажайып иллюзия пайда болады. 🇮🇳🏛️☀️
Post #2190
238