🔮Елестетіп көріңіз: сіз атомдық мұзжарғыштың палубасында тұрсыз, айналаңызда – Арктиканың ұшы-қиыры жоқ мұздары, ал алдыңызда – Солтүстік полюс. Бұл қиял емес, шындыққа айнала алатын мүмкіндігіңіз!
Бүгін халықаралық ғылыми-ағартушылық «Білім мұзжарғышы» жобасы бірегей арктикалық экспедицияға қатысу үшін конкурстық іріктеуді бастайды.
Жеңімпаздарды не күтеді?
- 22 елден жиналған мектеп оқушыларының халықаралық командасы құрамында Солтүстік полюске аттану мүмкіндігі
- «Жеңістің 50 жылы» атомдық мұзжарғышындағы бірегей саяхат және Арктиканың қайталанбас табиғатын өз көзіңізбен көру мүмкіндігі
- Экспедиция барысында дәрістер, шеберлік сабақтары, ғылыми ойындар, кино көрсетілімдері және басқа да қызықты іс-шаралар
- Және, әрине, әлемнің әртүрлі түкпірінен келген қатысушылармен танысу!
Кім қатыса алады?
Қазақстанды қоса алғанда, 22 елден 14 пен 16 жас аралығындағы мектеп оқушылары өз білімдері мен дарындарын көрсете алады.
Байқау қалай өтеді?
Іріктеу «Білім мұзжарғышы» жобасының ресми сайты арқылы 3 кезеңде өтеді.
Бірегей экспедицияға қатысып, сол бақытты жандардың бірі болу мүмкіндігін жіберіп алмау үшін күнтізбеңізге еске салғыш қойыңыз!
Жоба туралы
Халықаралық ғылыми-ағартушылық «Білім мұзжарғышы» жобасы дарынды мектеп оқушыларын қолдау және олардың таланттарын дамытуға көмектесу мақсатында құрылған. Биыл «Білім мұзжарғышы» жобасы жетінші рет өткізіліп отыр. Жоба жүзеге асырылған уақыттан бері әлемнің әртүрлі елдерінен 400-ден астам жасөспірім Солтүстік полюсте болып қайтты.
Post #2186
184
- 🔥 1