TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 661 subscribers
Post #2182 373
«Росатом» Бангладештегі алғашқы атом электр станциясын іске қосты

«Руппур» АЭС-тің бірінші энергия блогына жаңа ядролық отынды тиеу басталды. Реактордың белсенді аймағына 163 жылу бөлгіш жиынтық тиеледі. Одан кейін реактор қуаттың ең төменгі бақыланатын деңгейіне шығарылады, содан соң оны біртіндеп арттыру процесі басталады.Келесі кезең-өндірілген электр энергиясы Бангладештің электр желісіне түсе бастаған кездегі энергетикалық іске қосу.

🗣Алексей Лихачев, «Росатома» бас директоры
Бүгін Бангладеш бейбіт атомды тұрақты дамудың сенімді көзі ретінде пайдаланатын мемлекеттер клубына мүше болды. Күмәнсіз, «Руппур» АЭС елдің энергетикалық жүйесінің маңызды элементіне айналады. «Росатом» үшін бұл жоба – әлемдік атом энергетикасын дамытудағы, шетелдік серіктестерімізбен достық қарым-қатынасты нығайтудағы кезекті маңызды қадам. Біз бенгалдық достарымызбен бірге заманауи және сенімді атом станциясын құруға қатысқанымызға және ынтымақтастығымыздың одан әрі келешегін көргенімізге қуаныштымыз.



Факир Махбуб Анам, Бангладештің ғылым және технологиялар министрі
Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, индустрияландыруды жеделдетуде және технологияға негізделген экономиканы дамытуға жәрдемдесуде шешуші рөл атқарады. «Руппур» АЭС-тің жобасы Бангладештің ғылыми прогресінің символы ретінде қызмет етеді және елдің озық технологияларды жауапкершілікпен және тиімді игеруге дайындығы мен қабілетін көрсетеді.
  • ❤‍🔥 1
  • ❤ 1
More from @rosatom_ca
  1. Sep 29, 2026Почему АЭС работает круглосуточно? Атомные электростанции относятся к базовым источникам э…
  2. Sep 29, 2026👌 Неліктен АЭС тәулік бойы жұмыс істейді? Атом электр станциялары электр энергиясының баз…
  3. Sep 28, 2026Калинин АЭС-і экологиялық үлгілі ұйым деп танылды Калинин АЭС-і 2025 жылдың қорытындысы бо…
  4. Sep 26, 2026Росатом изготовил 30-й промышленный 3D-принтер В московском Центре аддитивных технологий с…
  5. Sep 26, 2026«Росатом» 30-шы өнеркәсіптік 3D-принтерін шығарды Мәскеудегі Аддитивті технологиялар ортал…
  6. Sep 24, 2026Post #2291
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →