2025 жылғы 12 желтоқсанда Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Мишустин Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновпен және ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Халықаралық конференцияға қатысушы елдердің делегация басшыларымен бірге Мәскеудегі «Атом» музейіне барды.
Делегация құрамында сондай-ақ Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусьтің Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстанның Премьер-министрі әрі Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев, Тәжікстанның Премьер-министрі Кохир Расулзода болды.
«Атом» музейі — ядролық технологиялардың тарихы мен қазіргі дамуына арналған әлемдегі ең ірі алаң. 2023 жылы ашылған сәттен бері музейге 80 елден 3,5 миллионнан астам адам келген. Экспозициялар саланың КСРО-ның ядролық қалқанын жасаудан бастап қазіргі заманғы технологияларға — медициналық изотоптарға, 3D-биобасып шығаруға, кванттық жүйелер мен ғарыштық жобаларға дейінгі даму жолын көрсетеді.
Сапар Еуразиялық өңір елдерінің ғылыми-технологиялық ынтымақтастығын нығайтуға және перспективалы әзірлемелерді қолдауға бағытталған Халықаралық конференция аясында өтті.
👌 Росатом Центральная Азия
Post #2171
382
