TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 661 subscribers
Post #2159 453
Women Career Lab іс-шарасына әйел-мамандарды шақырамыз
Қашан? 2025 жылғы 8 желтоқсан, сағат 10:00 (Астана уақыты)
Қайда? Астана қ., Қазақстан Республикасы, Sheraton Astana Hotel 5*

Росатом әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның Ядролық Қоғамы және WiN Kazakhstan 35 жасқа дейінгі әйел-мамандарды Women Career Lab мансаптық интенсивіне шақырады.
Women Career Lab — бұл бір күн ішінде өз мансаптық жолыңызды құрып, күшті жақтарыңызды зерттеп, мақсаттарыңызды айқындап, әртүрлі индустрияларда әйелдер үшін қандай мүмкіндіктер мен кедергілер бар екенін түсінетін практикалық зертхана.

Бағдарлама және сіздің пайдаңыз:
1. Өзіңізді және мансаптық бағдарларыңызды түсіну
Сіз білесіз: шешімдеріңізге әсер ететін мансаптық құндылықтар мен мотивтерді, бар күшті жақтарыңызды және өсу нүктелерін.
2. Мансаптық мақсат пен даму бағытын қалыптастыру
Сіз жасайсыз: алдағы 3 жылға арналған мансаптық мақсатты нақты тұжырымдап, мағына мен энергия беретін кәсіби бағытты анықтайсыз.
3. Жеке мансаптық жол картасын әзірлеу
Сіз әзірлейсіз: алдағы 3 жылға арналған нақты әрі жүзеге асатын іс-қимыл жоспарын — қадамдармен, мерзімдермен және нәтижелер көрсеткіштерімен.
4. Индустриялардағы кедергілер мен мүмкіндіктерді талдау
Сіз көресіз: энергетикада, атом саласында, ғылымда, өнеркәсіпте және жұмысшы мамандықтарында кездесетін ішкі және сыртқы кедергілерді және оларды еңсеруге көмектесетін құралдарды.
5. Жеке ресурстар мен тірек нүктелерін анықтау
Сіз түсінесіз: алға жылжуға көмектесетін дағдылар, орта, қолдау және ішкі қасиеттер қандай және оларды тұрақты даму үшін қалай қолдануға болады.
6. Өзін сенімді кәсіби ұсыну дағдылары
Сіз меңгересіз: сұхбаттан сәтті өту, мансаптық келіссөздер жүргізу және сенімді самопрезентация алгоритмдерін.

Нәтижесінде сіз не аласыз?
1. Мансаптық құндылықтар мен мотиваторлар профилі
2. Өз құзыреттеріңіздің бағасы және даму аймақтары
3. Алдағы 3 жылға арналған нақты мансаптық мақсат
4. Жеке даму жол картасы
5. Кедергілер, мүмкіндіктер мен ресурстар карталары
6. Сұхбаттан және мансаптық келіссөздерден сенімді өту алгоритмдері
Сізді есіміңіз жазылған қатысушы сертификаты күтеді.
Іс-шара "Росатом" мемлекеттік корпорациясы және Еуразиялық әйелдер форумының Кеңесі қолдауымен өтеді.
Бағдарламаға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет: https://forms.yandex.ru/u/6911ed6995add511bb7bb589

👌 Росатом Центральная Азия
More from @rosatom_ca
  1. Sep 29, 2026Почему АЭС работает круглосуточно? Атомные электростанции относятся к базовым источникам э…
  2. Sep 29, 2026👌 Неліктен АЭС тәулік бойы жұмыс істейді? Атом электр станциялары электр энергиясының баз…
  3. Sep 28, 2026Калинин АЭС-і экологиялық үлгілі ұйым деп танылды Калинин АЭС-і 2025 жылдың қорытындысы бо…
  4. Sep 26, 2026Росатом изготовил 30-й промышленный 3D-принтер В московском Центре аддитивных технологий с…
  5. Sep 26, 2026«Росатом» 30-шы өнеркәсіптік 3D-принтерін шығарды Мәскеудегі Аддитивті технологиялар ортал…
  6. Sep 24, 2026Post #2291
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →