TGViewer
Росатом Центральная Азия Росатом Центральная Азия @rosatom_ca · 661 subscribers
Post #2157 306
Қазақстан өнеркәсіп пен технология саласындағы әйел-көшбасшыларды II Халықаралық конгрессте біріктіреді

Қашан? 2025 жылғы 9 желтоқсан, Астана уақытымен 10:00
Қайда? Астана қ., Қазақстан Республикасы, Sheraton Astana Hotel 5 (офлайн және онлайн формат)

«Росатом» Мемлекеттік корпорациясының Әйелдер қауымдастығы, Қазақстанның Ядролық қоғамы және WiN Kazakhstan өнеркәсіп пен технология саласындағы әйелдерге арналған II Халықаралық конгресске шақырады. Конгресс екі елдің атом өнеркәсібіндегі әйелдер қауымдастықтары арасында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға арналған маңызды алаң болмақ.

Талқылау тақырыптары:

Әйелдердің мүддесіндегі ұлттық стратегиялар: Әйелдерді өнеркәсіп секторына интеграциялау бағдарламалары қалай жүзеге асуда?

Қолдау жүйесі мен кадрлық стратегиялар: Қандай мемлекеттік қолдау шаралары мен салалық бастамалар тиімді? Бизнес тұрақты кадр саясатын қалай құрады?

Жұмысшы және техникалық мамандықтарды танымал ету: Қоғамдағы қабылдауды қалай өзгертеміз және стереотиптерді қалай бұзамыз? Сәтті жобалардың мысалдары.

Әйелдердің кәсіби қауымдастықтарының рөлі: Олар индустриядағы өзгерістердің қозғаушы күшіне және гендерлік саясат мақсаттарына жетудің құралына қалай айналады?

Елдер арасындағы кооперация мүмкіндіктері: Әйелдерді өнеркәсіп пен технологияларда қолдау мен дамытуға бағытталған халықаралық серіктестіктің ертеңгі трендтері қандай?

Қазақстан Республикасындағы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өнеркәсіптің жұмысшы мамандықтарында еңбек етіп жүрген әйелдермен ашық диалог өтеді: қазіргі технологиялық экономиканың әйел бейнесі қандай?

Іс-шара «Росатом» Мемлекеттік корпорациясының және Еуразиялық әйелдер форумының Кеңесінің қолдауымен өтеді.

Диалогқа қосылыңыз. Алдын ала тіркелу қажет:
https://forms.yandex.ru/u/6911988b1f1eb5f954233368

👌 Росатом Центральная Азия
More from @rosatom_ca
  1. Oct 1, 2026Post #2300
  2. Oct 1, 2026Post #2298
  3. Sep 29, 2026Почему АЭС работает круглосуточно? Атомные электростанции относятся к базовым источникам э…
  4. Sep 29, 2026👌 Неліктен АЭС тәулік бойы жұмыс істейді? Атом электр станциялары электр энергиясының баз…
  5. Sep 28, 2026Калинин АЭС-і экологиялық үлгілі ұйым деп танылды Калинин АЭС-і 2025 жылдың қорытындысы бо…
  6. Sep 26, 2026Росатом изготовил 30-й промышленный 3D-принтер В московском Центре аддитивных технологий с…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →