TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 8.88K subscribers
Post #15071 468
🌾ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды

🔹2026 жылғы қаңтар – қыркүйекте ҚТЖ Орталық Азия елдеріне 5,5 млн тонна астық тасымалдады – бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33% артық. Өзбекстанға 4,1 млн тонна жөнелтілсе, өсім 44% құрады.

🔹Қыркүйек айында ҚТЖ желісі бойынша рекордтық 1,5 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде Орталық Азия елдеріне 701 мың тонна. Қазан айының алғашқы 10 күнінде өңірге 225 мың тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 5% артық. Осы көлемнің 171 мың тоннасы Өзбекстанға жөнелтілді.

🔹Өткізу қабілетін арттыру үшін ҚТЖ Арыс станциясының сұрыптау жүйесін жаңғыртып, Орталық Азия бағыты бойынша 14 тікелей пойыздарды қалыптастыруды ұйымдастырып, Сарыағаш станциясы арқылы тәулігіне 40 пойызға дейін өткізуді қамтамасыз етті. Сонымен қатар, өзбек тарапына Ташкент темір жол торабының жүк фронттарын босату және жүктерді әкетуді жеделдету үшін 500 жабық вагон жалға берілді.

🔹12-13 қазанда ҚТЖ жұмыс тобы Өзбекстанда «Узбекистон темир йуллари» АҚ, Өзбекстан Республикасы Көлік министрлігінің, кеден органдары мен жүк алушылар өкілдерімен бірқатар кеңестер өткізді. Қатысушылар астық жүктерін уақтылы қабылдау мен түсіруді қамтамасыз ету шараларын талқылады.

🔹ҚТЖ-да қосымша жүк жөнелтушілер мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жедел астық штабының кеңейтілген отырысы өтті. Барлық көтерілген мәселелер бойынша түсініктемелер беріліп, тасымалдауды ұйымдастыру бойынша одан әрі шаралар келісілді.
➖➖➖
🌾КТЖ увеличило перевозки зерна в страны Центральной Азии на 33%

🔹За январь — сентябрь 2026 года КТЖ перевезло в страны Центральной Азии 5,5 млн тонн зерна — на 33% больше, чем за аналогичный период прошлого года. В Узбекистан отправлено 4,1 млн тонн, рост составил 44%.

🔹В сентябре по сети КТЖ перевезено рекордные 1,5 млн тонн зерна, в том числе 701 тыс. тонн в страны Центральной Азии. За первые 10 дней октября в регион отправлено 225 тыс. тонн зерна, что на 5% превышает показатель аналогичного периода прошлого года. Из этого объема 171 тыс. тонн направлено в Узбекистан.

🔹Для увеличения пропускной способности КТЖ обеспечила пропуск через станцию Сарыагаш до 40 поездов в сутки, модернизировала сортировочную систему станции Арысь и организовала формирование прямых поездов по 14 направлениям в Центральную Азию. Кроме того, узбекской стороне предоставлено в аренду 500 крытых вагонов для ускорения вывоза грузов и высвобождения грузовых фронтов Ташкентского железнодорожного узла.

🔹12–13 октября рабочая группа КТЖ провела в Узбекистане серию совещаний с представителями АО «Узбекистон темир йуллари», Министерства транспорта Республики Узбекистана, таможенных органов и грузополучателей. Участники обсудили меры по обеспечению своевременного приема и выгрузки зерновых грузов.

🔹Дополнительно в КТЖ состоялось расширенное заседание оперативного зернового штаба с участием грузоотправителей и представителей государственных органов. По всем поднятым вопросам даны разъяснения, согласованы дальнейшие меры по организации перевозок.
More from @railways_kz
  1. Oct 14, 2026ҚТЖ Басқарма төрағасы Дүниежүзілік банк, Pasifik Eurasia және Тәжікстан темір жолы өкілдер…
  2. Oct 14, 2026🇰🇿🇹🇯Қазақстан және Тәжікстан: темір жол ынтымақтастығын дамыту Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ Б…
  3. Oct 14, 2026🤝ҚТЖ және Pasifik Eurasia басшылары ТХКБ бойынша тасымалдарды кеңейтуді талқылады «ҚТЖ» Ұ…
  4. Oct 14, 2026🤝ҚТЖ және Дүниежүзілік банк серіктестігін дамыту «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Елжас Оты…
  5. Oct 14, 2026🎥Более 4 тысяч видеокамер обеспечивают безопасность пассажиров в поездах КТЖ ➡️В пассажир…
  6. Oct 14, 2026🎥4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ➡️…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →