🔵30-қыркүйекте Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қолдауымен «Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері: контейнерлендіру – жаһандық нарыққа жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
🔵Алматыдағы дөңгелек үстел Брюссельдегі бизнес-форум аясында басталған халықаралық көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамыту бойынша жүйелі жұмыстың жалғасы болды. Сол кезде A. P. Moller – Maersk және жетекші еуропалық компаниялардың қатысуымен Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуді және қазақстандық өнімді халықаралық нарықтарға жылжытуды қоса алғанда, одан әрі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары белгіленді. Алматыдағы кездесу мемлекеттік құрылымдарды, халықаралық логистикалық бизнесті және қазақстандық экспорттаушыларды біріктіре отырып, осы диалогты одан әрі дамытуға мүмкіндік берді.
🔵Іс-шараға мемлекеттік органдар өкілдері, қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылар, сондай-ақ контейнерлік теңіз тасымалы мен интеграцияланған логистика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – A. P. Moller – Maersk өкілдері қатысты.
🔵«KTZ Express» АҚ (ҚТЖ еншілес компаниясы) бас директорының міндетін атқарушы Айбек Қапар және Шығыс Жерорта теңізі аймағы бойынша A. P. Moller – Maersk басқарушы директоры Айхан Седеф Қытай мен еуропа нарықтарын қоса алғанда, қазақстандық өнімді халықаралық нарықтарға шығару мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бірлескен логистикалық шешімдерді ұсынды.
🔵Айбек Қапар өз сөзінде Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымының дәйекті дамуын, оның ішінде өзінің теңіз флотын, фитингтік платформалар паркін және жүк авиа тасымалдарын кеңейтуді, сондай-ақ Қазақстанда және шетелде – жүк ағындарын қалыптастыру мен бөлудің негізгі нүктелерінде терминалдық жобаларды дамытуды атап өтті.
«Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның стратегиялық басымдықтарының бірі елдің транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі дамыту және оның ірі халықаралық логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту болып табылады. Біздің міндетіміз – қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндік беретін түсінікті, тиімді және бәсекеге қабілетті логистикалық шешімдер жасау. Біз бизнестің негізгі көлік бағыттары мен әлемдік нарықтарға қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым мен халықаралық серіктестіктерді дәйекті түрде дамытып келеміз»,
– деп атап өтті Айбек Қапар.
🔵A. P. Moller – Maersk өкілдері «KTZ Express» АҚ-мен бірлескен сервисті одан әрі дамытуға мүдделілігін растады. Бұл Қара теңіз арқылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша тасымалдаудың теңіз құрамдас бөлігі туралы ғана емес, сонымен қатар A. P. Moller – Maersk жаһандық желісін пайдалана отырып, басқа халықаралық теңіз бағыттарындағы өзара іс-қимылды кеңейту туралы.
🔵Кездесу барысында қазақстандық өндірушілер мен экспорттаушылардың қажеттіліктеріне ерекше назар аударылды. Өзара іс-қимылдың бұл форматы экспорттық тізбектің қатысушылары арасында – өндірушіден халықаралық логистикалық операторға және соңғы нарыққа дейін тікелей диалог құруға мүмкіндік береді.
🔵Дөңгелек үстел шеңберінде қазақстандық экспорттаушылар өнімді сыртқы нарықтарға жеткізуге байланысты өзекті мәселелер мен қажеттіліктерді тікелей белгілей алды, ал «KTZ Express» АҚ және A. P. Moller – Maersk өкілдері Қазақстанның экспорттық логистикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін практикалық шешімдерді талқылай алды.