Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Құрамында ҚР Көлік вице-министрі М. Қ. Қалиақпаров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М. М. Төрегелдин және «ҚТЖ» ҰК» - «Магистральдық желі дирекциясы» АҚ филиалының қызметкерлері бар қазақстандық делегация Бейжіңге (ҚХР) жасаған жұмыс сапары аясында Қытайдағы ең ірі жүрдек теміржол вокзалдарының бірі – Бейжіңнің Оңтүстік теміржол вокзалына (Beijing South Railway) барды.
Сапар барысында қазақстандық делегация вокзалдың операциялық қызметінің негізгі: жолаушылар ағыны мен навигация жүйелерін басқарудан бастап, тексеруді ұйымдастыруға, кіруді бақылауға және темір жолды көліктің басқа түрлерімен біріктіруге дейінгі аспектілерімен танысты.
Делегация инклюзивті орта құруға – мүгедектігі бар адамдар мен ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыруға басымдықты назар бөлді.
Қауіпсіздік жүйесі жеке блокпен зерттеліп, делегация осы салада кіріс бақылау құрылғысымен, қарсы ағындарды бөлу принциптерімен, автоматика мен бейнебақылау жүйелерінің жұмысымен, сондай-ақ ең жоғары жүктемелер кезінде вокзалдың өткізу қабілетін динамикалық басқару тетіктерімен танысты.
Сонымен қатар, сервистерді цифрландыруға, электрондық навигацияға, жедел ақпараттандыру жүйесіне, өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарына, билеттерді автоматты тексеруге және кешен аумағындағы объектілерді іздеуге арналған цифрлық сервистерге ерекше назар аударылды.
➖➖➖
Казахстанская делегация изучила опыт работы Южного вокзала Пекина
В рамках рабочего визита в Пекин (КНР) казахстанская делегация в составе Вице-министра транспорта РК - Калиакпарова М.К., Заместителя Председателя Правления АО «НК «КТЖ» - Торегельдина М.М. и работников филиала АО «НК «КТЖ» - «Дирекция магистральной сети» посетила Пекинский Южный железнодорожный вокзал (Beijing South Railway Station) - один из крупнейших высокоскоростных железнодорожных вокзалов Китая.
В ходе визита казахстанская делегация ознакомилась с ключевыми аспектами операционной деятельности вокзала: от управления пассажирскими потоками и систем навигации до организации досмотра, контроля доступа и интеграции железной дороги с другими видами транспорта.
Приоритетное внимание делегация уделила созданию инклюзивной среды - организации обслуживания лиц с инвалидностью и пассажиров с особыми потребностями.
Отдельным блоком изучена система безопасности, в этой сфере делегация ознакомилась с устройством входного контроля, принципами разделения встречных потоков, работой автоматики и систем видеонаблюдения, а также механизмами динамического управления пропускной способностью вокзала при пиковых нагрузках.
Вместе с тем внимание было уделено цифровизации сервисов, особое внимание - электронной навигации, системе оперативного информирования, терминалам самообслуживания, автоматической проверки билетов и цифровым сервисм для поиска объектов на территории комплекса.
Post #14797
573





- 👏 2