TGViewer
ҚТЖ PRESS ҚТЖ PRESS @railways_kz · 9.11K subscribers
Post #13601 974
Ақтау портында орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды

Ақтау теңіз портында «Qarmet» АҚ өндірген орамды болатты ауыстырып тиеу қайта жанданды. Жеткізілімдердің қайта басталуы Ақтау портының жүк базасын әртараптандыру және экспорттық жүктер номенклатурасын кеңейту бағытында жүргізіп жатқан жұмыстары аясында мүмкін болды.

Бүгінде порт аумағында шамамен 8 300 тонна металл өнімі жинақталған. Көлемі 3 000 тоннаны құрайтын алғашқы кеме партиясы 2026 жылғы шілденің бірінші онкүндігінде Әзербайжан бағытына жөнелтіледі.

2026 жылғы шілде айына мәлімделген көлем 12 700 тонна болатты құрайды, ал ағымдағы жылдың соңына дейін шамамен 50 000 тонна өнім жөнелту жоспарланып отыр.

Атап айтқанда, бұған дейін 2008-2012 жылдар аралығында Ақтау порты арқылы жылына 2 млн тоннаға дейін болат ауыстырып тиелген. Кейін сыртқы нарықтардағы конъюнктураның өзгеруіне байланысты тасымалдар тоқтатылған болатын.

Экспорттық жеткізілімдердің қайта жандануы отандық металл өнімдерін тасымалдауда теңіз бағытына сұраныстың бар екенін көрсетеді. Бұл Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша халықаралық көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға ықпал етеді.
➖➖➖
В порту Актау возобновлена перевалка рулонной стали
 
В морском порту Актау возобновлена перевалка рулонной стали производства АО «Qarmet». Возобновление поставок стало возможным в рамках проводимой портом Актау работы по диверсификации грузовой базы порта и расширению номенклатуры экспортных грузов.

На сегодняшний день на территории порта накоплено порядка 8 300 тонн металлопродукции. Первая судовая партия объемом 3 000 тонн будет отправлена уже в первой декаде июля 2026 года по маршруту ТМТМ.

В целом на июль 2026 года заявленный объем составляет 12 700 тонн стали, а до конца текущего года планируется отправка порядка 50 000 тонн продукции.

Стоит отметить, что ранее в период с 2008 по 2012 год через порт Актау переваливалось до 2 млн тонн стали в год. В дальнейшем перевозки были приостановлены в связи с изменением конъюнктуры внешних рынков.

Возобновление экспортных поставок свидетельствует о востребованности морского маршрута для перевозки отечественной металлопродукции. Это также способствует укреплению экспортного потенциала Казахстана и развитию международных транспортно-логистических связей по Транскаспийскому международному транспортному маршруту.
  • ❤ 13
More from @railways_kz
  1. Sep 21, 2026🐰Самұрықнама – «Жасыл кеңсе» күні өткізілді «Самұрықнама» жобасы шеңберіндегі екінші күн…
  2. Sep 21, 2026🗣Зерновой штаб КТЖ обсудил в Костанае и Кокшетау вывоз нового урожая ▶️Выездные заседания…
  3. Sep 21, 2026🗣ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады ▶️Қостанай мен…
  4. Sep 21, 2026🌿 Самұрықнама: тазалықтан бастайық! 20 қыркүйекте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына ар…
  5. Sep 21, 2026▪️Машинист далада жалғыз жүрген төрт жасар баланы байқаған 2026 жылғы 20 қыркүйекте сағат…
  6. Sep 19, 2026🏃‍♀️🏃Сотни железнодорожников приняли участие в VI марафоне «КТЖ Марафон – участвуй и Ты»…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →