Сәлем, достар! Жоспарларымыз туралы айтатын уақыт келді!
Qurt — сценаристерді, суретшілерді, колористерді, дизайнерлерді және басқа да шығармашылық мамандық өкілдерін біріктіретін халықаралық жоба. Олар әртүрлі медиада өзекті әрі бәсекеге қабілетті туындылар жасауға және жылдар бойы аз дамыған заманауи поп-мәдениет, ал кейбір жағдайларда әлі күнге дейін әлеуметтік кедергілерден саяси кедергілерге дейін көптеген қиындықтарға тап болып отырған постсоциалистік елдерде кәсіби қауымдастық қалыптастыруға дайын.
Біздің миссиямыз — өңірлік мәдениетті дамыту. Біз оқырмандарды әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрнекті авторлармен таныстырып, сонымен қатар жергілікті авторларға шетелде өз аудиториясын табуға көмектескіміз келеді.
Бүгінде Qurt үш бағытта жұмыс істейді: Qurt Publishing, Qurt Studios және Qurt Agency. Бұл — баспа, креативті студия және халықаралық агенттік. Ол арқылы біз әртүрлі елдердегі жас суретшілерге жұмыс табуға көмектесеміз, сондай-ақ авторларымыздың түпнұсқа жобаларын халықаралық нарықта таныстырып, олардың басып шығару құқықтарын сатамыз.
Qurt Publishing бөлімшесі заманауи визуалды мәдениетке — комикстерге, иллюстрацияланған басылымдарға, артбуктерге және графикалық шығармалардың басқа да түрлеріне маманданған.
Қазіргі уақытта біздің командамыз Қазақстан мен Сербияда орналасқан, бірақ біз Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Армения, Грузия, Украина, Молдова, Беларусь, Ресей, Сербия, Босния және Герцеговина, Черногория және Хорватия секілді әртүрлі елдердің авторларымен жұмыс істейміз.
Мақсатымыздың ауқымды екенін түсінеміз, бірақ бұл ниетімізді жүзеге асыруға керекті тәжірибеміз жеткілікті деп сенеміз! Және, әрине, көрсеткен әр қолдауларыңыз үшін алғысымыз шексіз!
Біздің сайт: qurtpublishing.com
Instagram: instagram.com/qurt.publishing
Telegram: t.me/qurtpublishing
Пошта: qurt.studios@gmail.com
Post #14
113

- ❤🔥 11
- 🔥 10
- ❤ 8
- 🙏 2
- 😎 1