TGViewer
На связи САБ 🖖 На связи САБ 🖖 @qjsab · 826 subscribers
Post #494 2.18K
Тамыз айының қорытындысы бойынша «Ақтөбе» U16 құраманын бас бапкері Eрiк Ермагамбетов айдың үздік жаттықтырушысы атанды.

Кезекті тур қарсаңында САБ Ерікпен тілдесіп, құрамдағы өзгерістер, дайындық барысы және «Қайратқа» қарсы өткен ойындар туралы сұрап білді.

Маусымның бірінші бөлігінде командаңыз 4 рет жеңіліп, 2 матчты тең аяқтады. 9-турдан кейін командада, ойында не өзгерді?

9-турдан кейін біз ең алдымен ойынға деген көзқарасымызды және командалық тәртіпті жақсартуға көп көңіл бөлдік. Жеңілістерден кейін ойыншылармен бірге қателіктерімізді талдап, қай жерде дұрыс жұмыс істемегенімізді анықтадық.

Ең маңыздысы – командада өзімізге деген сенім пайда болды. Ойыншылар алаңда бір-біріне көбірек көмектесіп, тактикалық тапсырмаларды жақсырақ орындай бастады. Доппен де, допсыз да біртұтас команда ретінде әрекет етуге тырыстық.

Әрине, әлі де жетілдіретін тұстарымыз бар. Бірақ басты өзгеріс – ойыншылардың жауапкершілігі мен ойын тәртібінің артуы деп ойлаймын.


«Ақтөбе» U-16 командасы «Қайратпен» екі ойында да тең түсті. Көп жағдайда командалар «Қайратқа» қарсы ойынға үмітсіз шығатын сияқты көрінеді. Флагман әрі QJ League-дің сөзсіз көшбасшысымен сәтті ойнау үшін жаттықтырушы не істеуі керек?

Менің ойымша, ең бірінші нәрсе – ойыншылардың психологиялық дайындығы. «Қайрат» – үлкен тарихы, мықты академиясы және сапалы ойыншылары бар команда. Бірақ алаңға шыққан кезде оның атағына емес, нақты ойынға мән беру керек.

Біз ойыншыларға «Қайраттан қорқудың қажеті жоқ, өз мүмкіндіктеріңе сеніңдер» деп түсіндіреміз. Әр ойыншы өзінің міндетін нақты білуі керек. Команда тәртіпті сақтап, бір-біріне көмектесіп, ойын жоспарын соңына дейін орындаса, кез келген қарсыласқа қарсы жақсы нәтиже көрсетуге болады.

Біздің екі кездесудегі тең нәтижеміз де осының дәлелі. Біз қарсыластың деңгейін құрметтейміз, бірақ өзімізді төмен бағаламаймыз. Ең бастысы – алаңға жеңіске деген сеніммен шығу.


Команда өтінімінде 28 ойыншы бар. Ұжымда ойын уақыты қандай қағидалар бойынша бөлінеді?

Бізде ойын уақыты бірнеше факторға байланысты бөлінеді. Біріншіден, ойыншының жаттығудағы күнделікті жұмысы, тәртібі және жаттығу процесіне деген көзқарасы маңызды. Екіншіден, ойыншының физикалық және функционалдық дайындығын ескереміз.

Сонымен қатар әр матчтың тактикалық жоспары бар. Қарсыласқа, ойын жағдайына және нақты позицияға байланысты құрамға өзгерістер енгізуіміз мүмкін.

Біздегі 28 ойыншының әрқайсысы маңызды. Негізгі мақсат – тек 11 ойыншыға ғана сену емес, бүкіл құрамды дамыту. Жаттығуда өзін жақсы көрсеткен, тапсырманы дұрыс орындайтын ойыншы міндетті түрде өз мүмкіндігін алады.

Жастар футболында біз үшін нәтиже ғана емес, ойыншылардың жеке және командалық дамуы да өте маңызды.

САБ өкілдеріне көп-көп рақмет! Мені тамыз айының үздік жаттықтырушысыі деп танығандарыңызға қуаныштымын.

Бірақ тағы да қайталап айтқым келеді: бұл тек менің ғана жетістігім емес. Бұл – менің командамдағы әрбір ойыншының және жаттықтырушылар штабының ортақ еңбегінің нәтижесі.

Менің ойымша, бұл – біздің барлығымыздың керемет ортақ жетістігіміз. Осы жетістікке өз үлесін қосқан әрбір адамға үлкен рақмет!


📞 На связи! @QJSAB
  • ❤ 4
More from @qjsab
  1. Sep 24, 2026Лучшим вратарём-либеро женского турнира стала Милана Ярмоленко из «Тобола». По подсчётам с…
  2. Sep 23, 2026Лучшим вратарём-либеро (sweeper-keeper) лиги B стал голкипер «Хан-Тенгри» Мукагали Тамабек…
  3. Sep 22, 2026Лидером по числу сейвов в женском турнире стала голкипер «Кайсара» Арайлым Шарапат. Её пок…
  4. Sep 21, 2026Завершились турниры в Лиге B и женском турнире. Попробуем разобраться, как играли статисти…
  5. Sep 17, 2026Милана Ярмоленко 📞 На связи! @QJSAB
  6. Sep 16, 2026Нулевая ничья в QJ League скорее редкость. Поэтому САБ пытался разобраться на примере матч…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →