TGViewer
На связи САБ 🖖 На связи САБ 🖖 @qjsab · 839 subscribers
Post #345 861

Forwarded from Freedom QJ League

⚡️ Бауыржан Сағындық – жаңа Freedom QJ League спорт-сараптамалық бөлімнің басшысы!

Бауыржан Сағындық Лигада алғашқы маусымнан бері еңбек етіп келеді. Ол сарапшы қызметін атқарып, блок жобаларын ұйымдастыруға және оның ұзақ мерзімді даму стратегиясын жоспарлауға белсенді түрде қатысқан.

Сонымен қатар, 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстанның U17 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істейді. Оның жетекшілігімен қазақстандық жас футболшылар Еуро-2026 іріктеу кезеңінің элиталық раундына жолдама алды.

Freedom QJ League-ға келгенге дейін Сағындық «Ертіс», «Ақсу» және «Жұлдыз» клубтарының жүйесінде еңбек еткен, сондай-ақ Қазақстанның U20 құрамасының аға жаттықтырушысының көмекшісі болған.

«Freedom QJ League аясында спорттық-сараптамалық бағыттың дамуына жауап беру – үлкен жауапкершілік.

Біз жаттықтырушылар мен клубтардың күнделікті жұмысына нақты пайда әкелетін практикалық аналитикаға басымдық береміз және Лиганың ерекшеліктерін ескере отырып, тұрақты аналитикалық жүйені дамытуды жалғастырамыз.

Көрсетілген сенім үшін Freedom QJ League басшылығына алғыс білдіремін», – деді Бауыржан Абаевич.

Еске салайық, Лиганың алғашқы үш маусымында спорттық-сараптамалық бөлімін басқарған Арсен Инкарбеков қарағандылық «Шахтер» клубына ауысып, клубтың спорттық директоры қызметіне тағайындалды.
  • 👍 5
  • 🔥 3
  • ❤ 1
More from @qjsab
  1. Oct 15, 2026Сводная таблица четырёх возрастов за два тура до финиша. В 21-м туре в очном противостояни…
  2. Oct 13, 2026Женская сборная WU-19 завершила осеннюю часть отбора на Евро-27 в Лиге B. Команда потерпел…
  3. Oct 12, 2026Цифра тура — 19 перехватов Данияра Каси. Именно игра Данияра во многом предопределила побе…
  4. Oct 9, 2026Очень интересное обновление сервиса видеоаналитики BigBro к возобновлению турниров Freedom…
  5. Oct 8, 2026Лучшим правым уингбэком Лиги B по продвижению мяча через обыгрыш стал Даниал Мурат из «Хан…
  6. Oct 7, 2026Позиция правого защитника в женском турнире получилась турбулентной. Тренеры почти всех ко…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →