Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға Сұлтан Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің әрдайым ықыласты екенін атап өтті.
– Аса Мәртебелі Сұлтан, Сіз айтулы мемлекет қайраткерісіз. Ел басқару ісіндегі көреген ұстанымыңыз бен ұзақ жылдардан бері халқыңызға жасап келе жатқан қалтқысыз қызметіңіз зор құрметке лайық. Қазақстан халқы Сізді ерекше қадірлейді, сонымен қатар Оманды серіктес қана емес, достас әрі бауырлас ел деп атай алатынын мақтан тұтады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
@ptrkkz
