🇰🇿🇦🇪Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады
▫️Президентіміз БАӘ Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи мен Абу Даби әмірлігі Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, G42 International компаниясының бас директоры Мансур әл-Мансуримен кездесті.
▫️Кездесуде көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамытуға баса мән берілді. Бұдан бөлек, AD Ports Group компаниясымен бірлескен жобаларды іске асыру, Каспий теңізінде портты инфрақұрылым мен флотты дамыту, сондай-ақ Орта дәлізді нығайту мәселелері талқыланды.
▫️ТрансАуған дәлізінің перспективасы мен теңіз, теміржол, автокөлік және әуе тасымалы бағыттарындағы ұзақмерзімді серіктестікті қалыптастыру жайы қарастырылды.
▫️Мемлекет басшысы Presight AI компаниясымен суперкомпьютер инфрақұрылымы жобаларын іске асыру, Smart City және көлік қозғалысы бейнемониторингінің ұлттық жүйесін құру бойынша ықпалдастықты жоғары бағалады.
▫️Қасым-Жомарт Тоқаев пен БАӘ делегациясы G42 компаниясының Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» ауқымды экожүйесін құруға қатысу мүмкіндігін қарастырды.
@ptrkkz
Post #13342
164
