🤝 Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.
Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды.
🇩🇪 Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
@ptrkkz
Post #13277
274
