TGViewer
PSIX PUBGM PSIX PUBGM @psixpubgm12 · 598 subscribers
Post #608 142

Forwarded from OMG TEAM | PUBG MOBILE

Жалпы TikTok-қа видео, фото не салсам да, өзімнің аудиториям ұнасын-ұнамасын, үнемі лайк басып, коммент қалдырып, қолдап жүреді. Ол маған қосымша үлкен мотивация береді. ❤️

Бірақ, өкінішке орай, олардың көбі PUBG қарамайды және бұл саланы түсіне бермейді. Ал қазір мен уақытымның көп бөлігін PUBG-қа, командамызға арнап жүрмін. Бұл жаққа келгенде қолдаудың аз, ал сынның керісінше көп екенін байқаймын.

Әрине, сын да керек. Бәріне бірдей ұнау мүмкін емес екенін де жақсы түсінемін. Бірақ сырттан сынау оңай, ал бір нәрсені нөлден бастап құрып, оған уақытыңды, күшіңді, қаражатыңды салып, нәтижесін күту - мүлде басқа нәрсе.

Сондықтан әзірге кім не айтса да, бастаған ісімді соңына дейін жеткізгім келеді. Қателессек - үйренеміз, ұтылсақ - қайта тұрамыз. Ең бастысы, бір орында тұрмай, алға жылжу.

Ал осы PUBG жолында шын ниетімен қолдап жүрген аз ғана адамдарға - үлкен рақмет. 🤝💚 Уақыт өте келе біздің де өз аудиториямыз, өз жанкүйерлеріміз қалыптасады деп сенемін. OMG үшін бәрі енді басталып жатыр. 💚
  • ❤‍🔥 13
  • 💯 6
  • ❤ 5
More from @psixpubgm12
  1. Sep 25, 2026photo post
  2. Sep 24, 2026PSIX 1vs3
  3. Sep 23, 2026🔥 PMGO CHALLENGE — $100 🔥 Пока идёт официальный турнир PUBG MOBILE PMGO, решил устроить…
  4. Sep 23, 2026🏆 OMG — CHAMPIONS! Сегодня забираем TOP 1 на LIMITLESS PLAY 🔥 За 5 карт набрали 76 POINT…
  5. Sep 23, 2026гоо го🔥
  6. Sep 23, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →