TGViewer
PRO КАДРЫ KZ PRO КАДРЫ KZ @prokadrykz · 81.3K subscribers
Post #57781 11.4K
Berlin Today: Тоқаевтың жеті жылдағы басшылығымен Қазақстан қалай өзгерді?

Қазақстанның соңғы жеті жылдағы экономикалық өзгерістері неміс сарапшылары жоғары бағалап отыр. Berlin Today басылымы Қасым-Жомарт Тоқаев президент болған кезеңдегі елдің даму көрсеткіштерін талдап, Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық позициясы нығайғанын атап өтті. Авторлар мұны кәсіпкерлік, өндіріс, инфрақұрылым және инвестиция салаларындағы өзгерістермен байланыстырады.

Мақалада келтірілген дерек бойынша, 2025 жылы Қазақстанның номиналды ЖІӨ-сі шамамен 306 млрд долларды, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ 14,7 мың долларды құраған. Шағын және орта бизнесте 4,5 млн-ға жуық адам еңбек етеді. Соңғы жеті жылда Қазақстанда 800 мыңға жуық автомобиль шығарылып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда 860 жоба жүзеге асырылған.

Сарапшылар әлеуметтік инфрақұрылымдағы өзгерістерге де назар аударған. 2019-2025 жылдары 118,3 млн шаршы метр тұрғын үй, 761 мектеп және 345 балабақша пайдалануға берілді. 2023-2025 жылдары 813 медициналық нысан салынды. Ал 2025 жылы Қазақстанға 20,5 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылғаны көрсетілген.

Berlin Today Қазақстанның Қытай, Ресей, Каспий аймағы, Кавказ және Еуропа арасындағы орналасуын елдің экономикалық әрі логистикалық рөлін күшейтетін факторлардың бірі ретінде атайды. Басылым Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың прагматикалық және көпвекторлы сыртқы саясатына да назар аударған.

Подпишитесь на prokadrykz
  • 👎 14
  • 🔥 10
  • 😎 3
  • ❤ 2
  • ⚡ 1
  • 🎉 1
  • 👌 1
  • 😍 1
  • 🍾 1
  • 🤝 1
More from @prokadrykz
  1. Oct 2, 2026Протесты школьников во Франции: ранены десятки работников школ и сотни полицейских Министр…
  2. Oct 2, 2026БЕКТАЕВА Жанар назначена руководителем Управления общественного развития Туркестанской обл…
  3. Oct 2, 2026📞 Горячие линии по вопросам граждан РК, оказавшихся в зоне боевых действий Департамент ко…
  4. Oct 2, 2026Распоряжением Главы государства ЖАРЫЛГАНОВ Айдар Тулетаевич освобожден от должности заведу…
  5. Oct 2, 2026Казахстан представит на G20 свое видение международного регулирования ИИ Страна развивает…
  6. Oct 2, 2026Тамерлан Толеулес принес Казахстану 12-е золото Азиады-2026. Это первое золото в истории к…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →