«Жақында мен ‘The science of learning: 99 studies that every teacher needs to know’ кітабын оқыдым, онда білікті мұғалімнің үш қасиеті туралы жазылған. Олар: өз ісіне деген құштарлық пен табандылық (grit) және өмірге шексіз ғашық болу. Өйткені өмірді қатты жақсы көретін мұғалім оқушыларына көбірек көңіл бөле алады.
Ал үшіншісі - оптимизм және қиындықтарды жеңе білу.
Менің ойымша, қазіргі жасөспірімдер тым күйгелек, өздерін жалғыз сезінеді, сондай-ақ түрлі ақпараттан шаршайды. Сол үшін кейінгі кезде адамның сабырлығы мен кез келген дүниеге оңай үйренісіп, бейімделуі маңызды болып отыр.» ⤵️
https://orkenlink.kz/kz/media/interview/ayash-myrzabekova
Post #1101
2.51K