🔹 Мәскеу учаскесінде дауыс беру аяқталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, келу 70% - дан асты. Учаскелік сайлау комиссия мүшелері бюллетеньдерді санау рәсіміне кірісті.
🔸 Голосование на участке в Москве завершилось. По предварительным данным, явка превысила 70%. Члены участковой избирательной комиссии приступили к процедуре подсчета бюллетеней.
🔹ММХҚИ студенті Владимир Семенов бүгін Петропавлдан ұшып келіп, бірден сайлау учаскесіне келді. "Әрбір азамат сайлауға қатысуы керек деп санаймын, өйткені бұл азаматтық ұстанымның көрінісі. Әр адамның пікірі ескеріліп, мемлекеттің дамуында маңызды рөл атқарады. Бұл менің өмірдегі екінші дауыс беруім. Мен алғаш рет Мәскеуде наурызда өткен ҚР жаңа Конституциясы бойынша референдумда дауыс бердім", - деді ол.
🔸Студент МГИМО Владимир Семенов сегодня прилетел из родного Петропавловска и сразу приехал на избирательный участок. "Считаю, что принимать участие в выборах должен каждый гражданин, так как это выражение своей гражданской позиции. Мнение каждого человека будет учтено и сыграет важную роль в развитии государства. Это мое второе голосование в жизни. Первый раз я голосовал на мартовском Референдуме по новой Конституции РК и тоже в Москве", – рассказал он.
🔹 ТМД бақылаушылары Мәскеудегі учаскеде дауыс беру процесінің ұйымдастырылуын жоғары бағалады. Миссия басшысы, ТМД Атқару комитетінің Ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Алексей Третьяков олардың тобы мұнда бірінші рет емес екенін айтып, әрқашан ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті. «Әділ сайлау — бұл мемлекет әл-ауқатының көрсеткіші. Бүгін біз дауыс берушілердің белсенділігін атап өткіміз келеді, адамдар отбасымен келіп жатыр, сайлау комиссиясының жұмысы жақсы ұйымдастырылған», - деді ол.
🔸 Наблюдатели от СНГ высоко оценили организацию процесса голосования на участке в Москве. Глава миссии, заместитель директора Организационного департамента Исполкома СНГ Алексей Третьяков напомнил, что их группа уже не первый раз здесь работает и всегда отмечает высокий уровень организации. «Честные выборы – это показатель здоровья государства. Сегодня мы отмечаем активное голосование, люди приходят семьями, работа избирательной комиссии организована хорошо», – отметил он.
🔹 Наурыз айындағы ҚР жаңа Конституциясы бойынша Референдумдағыдай, бүгін Мәскеудегі учаскеде танымал қазақстандық стендап-әзілкеші Евгений Чебатков дауыс берді. «Мен, мүмкіндігінше, ел өміріне қатысамын. Үнемі жаңалықтарды қарап, оқиғаларды қадағалап отыруға тырысамын. Көп уақыт Мәскеуде өткізсем де, әрқашан Қазақстаннан келген достарыммен байланыста боламын, оқиғаларға ортақтастығымды сезінемін. Әр партияның ұстанымын түсінемін, өзіме жақынын таңдаймын», - деді ол.
🔸 Как и в марте на Референдуме по новой Конституции РК, сегодня на участке в Москве проголосовал популярный казахстанский стендап-комик Евгений Чебатков. «Насколько это возможно, я участвую в жизни страны. Постоянно стараюсь следить за новостями, смотреть, что происходит. Хотя большую часть времени нахожусь в Москве, но всё время на связи с друзьями из Казахстана. Чувствую сопричастность к происходящему. Плюс минус понимаю позицию каждой партии, и какая из них мне ближе», – рассказал он.