TGViewer
Посольство Казахстана в России Посольство Казахстана в России @prkvrf · 3.78K subscribers
Post #5374 478

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

✉️Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇷🇺Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.

– Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ, – делінген құттықтауда.


Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.

Қазақстан Президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Ресей Федерациясының өркендеуі жолындағы мемлекеттік қызметіне толайым табыс тіледі.

t.me/aqorda_resmi
More from @prkvrf
  1. Sep 29, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев қазақстандық студенттермен кездесті 🔗 https://www.gov.kz/memleket/…
  2. Sep 28, 2026🔹ҚР РФ Елшісі Д.Абаев Біріккен мәдениеттер форумында сөз сөйледі 🔗 https://www.gov.kz/me…
  3. Sep 25, 2026Channel photo updated
  4. Sep 25, 2026🔹 Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті…
  5. Sep 25, 2026​​​​🔹 Қазақстан және Ресей сыртқы істер министрлері Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы…
  6. Sep 25, 2026🔹Ресей халқы қазақстандықтармен бірге аза тұтуда 🔗 https://www.gov.kz/memleket/entities/…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →