ҚТЖ: уақытша шектеулер қытай тарапының пойыздарды қабылдауы төмендеуімен байланысты
Ағымдағы жылдың қазан айында Қытай Халық Республикасы тарапынан Алтынкөл мемлекетаралық түйіспесі арқылы пойыздарды қабылдаудың тәулігіне 14-тен 10 пойызға дейін, ал жекелеген күндері 6-ға дейін төмендеуі байқалады.
ҚХР уәкілетті органдары Үрімші және Бейжің қалаларында сынамаларды іріктеу мен зертханалық талдауды қоса алғанда, астық жүктерін тереңдетіп тексеруді жүргізуде. Тексеру 5-тен 10 күнге дейін созылады.
Қалыптасқан жағдай қазақстандық тарап инфрақұрылымының пайдалану жағдайына әсер етіп, Қытай бағытында келе жатқан экспорттық және транзиттік жүктері бар шамамен 3 000 вагонның жиналып қалуына әкелді. Аталған көрсеткіш беруді күтіп тұрған жылжымалы құрамның нормативтік санынан асып түседі. Бұл ретте құрамдарды қабылдау бұрын қытайлық тараппен толық келісілген болатын.
Инфрақұрылымның тұрақты және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлік пойыздарда тасымалданатын жекелеген экспорттық астық жүктеріне тәулігіне үш құрамнан аспайтын қабылдауға уақытша технологиялық шектеулер енгізуге мәжбүр.
Қабылданған шара уақытша әрі мәжбүрлі сипатта және жөнелтімдерді ҚТЖ-ның жауапкершілігі аймағынан тыс қабылдаушы инфрақұрылымның нақты дайындығымен үйлестіруге бағытталған.
Тұтастай алғанда, Қазақстанның теміржол желісі штаттық режимде жұмыс істейді және жүктердің расталған көлемін тасымалдауға толық дайын.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі
________
КТЖ: временные ограничения связаны со снижением приёма поездов китайской стороной
В октябре текущего года отмечается снижение приёма поездов со стороны Китайской Народной Республики через межгосударственный стык Алтынколь — с 14 до 10 поездов в сутки, а в отдельные дни — до 6.
Уполномоченные органы КНР проводят углублённый досмотр зерновых грузов, включая отбор и лабораторный анализ проб в городах Урумчи и Пекине. Проверка занимает от 5 до 10 суток.
Сложившаяся ситуация оказала влияние на эксплуатационную обстановку инфраструктуры казахстанской стороны и привела к скоплению порядка 3 000 вагонов с экспортными и транзитными грузами, следующими в направлении Китая. Этот показатель превышает нормативное количество подвижного состава, находящегося в ожидании передачи. При этом приём указанных составов ранее был полностью согласован китайской стороной.
Для обеспечения стабильной и безопасной работы инфраструктуры АО «НК «ҚТЖ» вынуждено ввести временные технологические ограничения на приём отдельных экспортных зерновых грузов, следующих в контейнерных поездах, — не более трёх составов в сутки.
Принятая мера носит временный и вынужденный характер и направлена на синхронизацию отправок с фактической готовностью принимающей инфраструктуры за пределами зоны ответственности ҚТЖ.
В целом железнодорожная сеть Казахстана функционирует в штатном режиме и полностью готова к перевозке подтверждённых объёмов грузов.
Пресс-служба АО «НК «Қазақстан темір жолы»
Post #3283
342