📌 «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-де ISO 37001:2025 «Парақорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйелері» халықаралық стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
🔹 Осы жұмыстар аясында 2026 жылғы 6–9 қазан аралығында шақырылған аудитор-консультанттың қатысуымен Серіктестіктің басшылық құрамына арналған оқыту семинары өткізілді.
🔹 Семинарға зауыт басшылығы, бас мамандар, департаменттердің, бөлімдер мен құрылымдық бөлімдердің басшылары қатысты.
🔹 Іс-шара барысында стандарттың негізгі талаптары, сондай-ақ адалдық пен парасаттылық мәдениетін нығайту, басқару үдерістерінің ашықтығын арттыру және Серіктестік қызметін жүзеге асыруда жауапкершілік қағидаттарын дамыту мәселелері қарастырылды.
🔹 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орнықты мәдениетті қалыптастыру – Серіктестікке деген сенімді нығайту, оның қызметінің ашықтығын арттыру және іскерлік әдеп қағидаттарын дамыту жолындағы маңызды қадам.
🖊️ «ПҚОП» ЖШС
Post #2253
147