Президент Қ. Тоқаевтың Халық Кеңесінің отырысында сөйлеген қызықты әрі жан-жақты баяндамасы көпшілікті толғандырды деп ойлаймын.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Халық Кеңесінің құрамын қалыптастыру қағидаттарына кеңінен тоқталып, оның құрылымы жөнінде түсініктеме беріп (Қазақстан халқының этностық әралуандығының өкілдігі, өңірлердің мүдделерін ілгерілету және біріктіру, үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық бастамалардың жан-жақты пікірін ескеру), Жаңа Конституция мазмұнын Республиканың заманауи ұлттық идеологиясының негізі ретінде айқындады.
Президент бірқатар өзекті мәселелер жөнінде де пікір білдірді: Тарихқа оң көзқарас қалыптастырып, оны елдің озық болашағымен сабақтастыру; мемлекеттік тілдің табиғи әрі жауапты рөлін қамтамасыз ету және басқа тілдер мен мәдениеттерге құрметпен қарау («Тіл – Жаратқанның сыйы» екенін айтып, кез келген тілге қарсы күреске жол берілмейді); маслихаттардың өкілеттігі мен қоғамдық кеңестер (жергілікті жердегі мәселелерді республикалық деңгейде көтеруге болады)
Кейбір қоғамдық ұйымдардың дабыралы атаулары мен олардың нақты жұмысы және алатын қаржыландыруы арасындағы сәйкессіздік («Мүйіз бен тұяқ»); Сынның мақсаты мәселені ушықтыру немесе ойдан шығару емес, оны шешуге бағытталуы керектігі (популистер емес, кәсіби мамандар қажет); жергілікті жерлердегі халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жергілікті инфрақұрылымды дамыту (ең алдымен құрылыс пен жол), азаматтық белсенділік пен волонтерліктің түрлі формаларын қолдау қажеттігі.
Мемлекет басшысы өз сөзінде, тек тазалық пен экологияға деген дұрыс көзқарасты ынталандырып ғана қоймай, әлеуметтік оптимизм мәдениетін қалыптастыратын фактор ретіндегі «Таза Қазақстан» идеясын ерекше атап өтті.
Президент экономика мен қоғамда жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістер, жоспарланған инвестициялар мен жобалар туралы айтып, бұл терең реформалардың халықтың өмір сапасына, жұмыспен қамту жағдайына және білім беру жүйесіне қаншалықты әсер ететінін атап, ұлттық мәдениет пен әдебиеттегі жаңа кейіпкерлерді іздеу керектігіне айырықша тоқталды.
Сонымен қатар, Халық Кеңесінің мемлекетті басқарудың жаңа жүйесіндегі ерекше орнына тоқталып, Құрылтайдың жұмысын қайталамай, "синергияда жұмыс істеу" міндетін қойды. Бұдан бөлек те көптеген өзекті мәселелер көтерілді.
Көптеген сарапшылар Қасым-Жомарт Кемелұлы жариялаған мәслихаттарға кезектен тыс сайлау мәселесіне (әрине, маңызды тақырып) баса назар аударса да, Президенттің сөзінен менің түйген басты ойым – басқа.
Жаңа Конституцияны талқылау барысында бірқатар сарапшылар атқарушы биліктің өкілеттіктері қоғамдық және жария рәсімдердің есебінен күшейеді деген пікір айтқанын еске сала кетейін.
Алайда бүгін Мемлекет басшысы ресми түрде атап көрсеткен міндеттер мен өкілеттіктер керісінше жағдайды көрсетеді: жаңа саяси модельде қоғамдық бақылау күшейіп, азаматтар мемлекеттік басқаруға тікелей қатыса алады.
Егер Халық Кеңесі Президент жүктеген міндеттерді толық әрі тиімді орындай алса, онда мұндай диалог тек орталық деңгейде ғана емес, мемлекеттік басқарудың бүкіл вертикалі бойынша нақты жүзеге асады.
Халық Кеңесінің конституциялық мәртебесін ескерсек, атқарушы билікпен өкілеттіктер теңгерімінде өкілдік және консультативтік бағыттың функционалы күшейе түсуде. Қабылданатын шешімдердің қолжетімділігі мен ашықтығы артып, қоғамның өз сұраныстарын уәкілетті органдарға жеткізу жолы қысқаруда.
Ендігі міндет – осы әлеуетті толыққанды жүзеге асыру.
Post #17337
209
Aqorda 🇰🇿 📸 t.me/aqorda_resmi