TGViewer
Азат Перуашев Азат Перуашев @peruash · 2.39K subscribers
Post #17324 209

Forwarded from Демократическая партия «Ак жол» | Официальный канал

«Ақ жол»: 250-ден астам жұмыскері бар кәсіпорынның бәрі ірі бизнес пе?

Қолданыстағы тәртіп бойынша жұмыскерлерінің жылдық орташа саны 250-ден асатын кәсіпорын кірісі ірі бизнес деңгейіне жетпесе де, осы санатқа жатқызылады. Алайда жұмыскерлер саны кәсіпорынның нақты экономикалық ауқымын көрсете бермейді.

«Ақ жол» Демократиялық партиясының фракциясы ірі бизнесті анықтау өлшемдерін қайта қарауды ұсынды. Негізгі көрсеткіштер ретінде жиынтық жылдық кіріс пен активтердің құнын алып, жұмыскерлер санын дербес өлшем ретінде қолданудан бас тарту қажет.

Сондай-ақ тек жұмыскерлер санына байланысты ірі бизнеске жатқызылған кәсіпорындарды орта бизнес санатына ауыстырудың әсерін бағалап, талдау нәтижесінде Кәсіпкерлік кодекске өзгерістер енгізу ұсынылды.

Мақсат — кәсіпорынның нақты көлемін әділ бағалау. Жаңа жұмыс орындарын ашу бизнеске қосымша талаптар қоюға негіз болмауы тиіс.
More from @peruash
  1. Sep 24, 2026Аккаунт разблокирован
  2. Sep 24, 2026Провокации продолжаются. Сегодня с утра оказался заблокирован мой What’sApp. Сообщается, ч…
  3. Sep 23, 2026photo post
  4. Sep 23, 2026photo post
  5. Sep 23, 2026Провокации продолжаются, теперь массированная атака ведётся ботами на социальные сети Демп…
  6. Sep 23, 2026«Ақ жол»: от сырья — к готовой продукции Казахстан добывает и производит металлы, но значи…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →