TGViewer
Азат Перуашев Азат Перуашев @peruash · 2.38K subscribers
Post #17307 141
Aqorda 🇰🇿 Касым-Жомарт Токаев принял участие в республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» В рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» Глава государства совместно с представителями молодежи и экоактивистами участвовал в посадке деревьев…
"Таза Қазақстан" бағдарламасы заманауи, әділетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының ажырамас бөлігіне айналуда

Оның үстіне, бұл қозғалыс абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарынан әлдеқайда ауқымды: мәселе тазалық пен экологиялық мәдениет адамның күнделікті өмір салтына айналатын жаңа өмір салты мен жаңа көзқарасты қалыптастыру туралы болып отыр. Бұл – тұрмыстағы гигиенадан, өз ауласы мен қоғамдық орындардағы тазалықты сақтап, экологиялық бастамаларға атсалысудан бастап, айналадағы адамдарға құрмет көрсетуге және әлеуметтік желілердегі ақпараттық гигиенаға дейінгі ұғымдарды қамтиды.

Қазақстанды бізден – осы елде өмір сүріп, бала тәрбиелеп, олардың болашағын қалыптастырып жатқан адамдардан артық ешкім жақсы, табысты әрі таза ете алмайды.

Әкімдіктер мен Үкіметтен абаттандыруды, көгалдандыруды және қалаларымыз бен ауылдарымыздың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін шешуді қанша талап етсек те (мұны жасауға болады және жасау қажет), шынайы алға жылжу ең алдымен өзімізден, жақсы әрі сапалы өмір сүруге деген қызығушылығымыздан, сондай-ақ, саябақтағы қоқыс болсын, жолдағы дөрекілік болсын, кез-келген тәртіпсіздік пен тазалықтың жоқтығына бейжай қарамауымыздан басталады.

Президент Қ. Тоқаевтың тазалық пен экологиялық мәдениет идеологиясын мемлекеттік саясат деңгейіне көтеруі – мемлекетті ғана емес, азаматтардың ойлау жүйесін де өзгертуге ұмтылысты көрсетеді.

Шынында да, жаңа ғимараттар мен жолдардың өзі уақыт өте келе тозып, жөндеуді талап етеді, ал, ұлттық мәдениетіміздің шынайы әрі маңызды бөлігіне, ұлт мінезінің элементіне айналған құндылықтар - халық барда қызмет ете береді.
More from @peruash
  1. Sep 21, 2026СТРОЙКА РАСТЕТ БЫСТРЕЕ, ЧЕМ ЛОКАЛИЗАЦИЯ Казахстанский рынок стройматериалов разгоняется вм…
  2. Sep 21, 2026Когда несколько цифр нагляднее толстых докладов)
  3. Sep 21, 20267 лет президентства Токаева: как изменился Казахстан. С 2019 года Казахстан прошел через п…
  4. Sep 20, 2026«Ақ жол» Демократиялық партиясынан VII шақырылым Мәжілісінің депутаты болған Мақсат Раманқ…
  5. Sep 20, 2026Как сегодня должна выглядеть школа, которая готовит детей к будущему? Депутаты Курултая от…
  6. Sep 19, 2026Программа «Таза Қазақстан» действительно становится неотъемлемой частью национальной идеол…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →