TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57620 17
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді»

🔹Мемлекет басшысы жасанды интеллектіге қатысты асқан жауапкершілік таныту қажет екенін атап өтті.
 
– Жақында Президент Дональд Трамптың бастамасымен Американың жетекші технологиялық компаниялары Суперинтеллект туралы келісімге қол қойғанын айтқым келеді. Менің ойымша, мүдделі елдер осы тәсілді үлгі ретінде қарастырып, мұқият зерделеген соң жаһандық деңгейде қолдануға болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 


🔹Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатқанына назар аударып, еліміздің жетістіктеріне тоқталды.
 
– Өткен жылы қазақстандық IT-қызметтер экспорты 1 миллиард доллардан асты. Цифрлық шешімдеріміз әлемнің 100-ден аса елінде қолжетімді. Бұл қадамдар мен жетістіктер еліміздегі және әлемдегі прогреске үлес қосуға Қазақстанның да ниетті екенін көрсетеді. Дегенмен озық технология саласындағы бұл жетістіктермен шектеліп қалуға болмайды. Біз еліміздің мықты технологиялық негізін қалыптастырамыз десек, инновациялық стартап-компанияларға нақты қолдау көрсетіп, озық жобаларды жүзеге асыруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

 
🔹Бұл ретте Президент өнеркәсіп саласы бойынша жасанды интеллект міндеттерінің тізімін жасау маңызды деп санайды. Аталған тізім нақты экономикалық қажеттіліктерге негізделуге тиіс.

🔹Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев осы тізімге сүйене отырып, Қазақстан мен шетелден келген командалардың қатысуымен AI Challenge ұйымдастыруды ұсынды. Оң нәтиже көрсеткен үздік жобалар міндетті түрде өндіріске енгізіледі.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 1, 2026AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумы 📍EXPO көрме орталығы **** Международный фор…
  2. Oct 1, 2026На пленарном заседании технологического форума также выступили председатель и генеральный…
  3. Oct 1, 2026Технологиялық форумның пленарлық отырысында General Atlantic төрағасы және бас директоры У…
  4. Oct 1, 2026Президент: «Искусственный интеллект открывает перед молодежью широкие перспективы для полу…
  5. Oct 1, 2026Президент: «Жасанды интеллект жастарға сапалы білім алып, жан-жақты даму үшін мол мүмкінді…
  6. Oct 1, 2026Касым-Жомарт Токаев подчеркнул важность формирования культуры ответственного использования…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →