TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57612 43
Мемлекет басшысы General Atlantic төрағасы және бас директоры Уильям Фордты қабылдады
 
🔹Әңгімелесу барысында инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ елімізде технология секторы мен жасанды интеллект экожүйесін дамыту мәселелері талқыланды.

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллект пен цифрлық трансформация ел дамуындағы басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Осыған орай жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдің жетекші инвесторлары мен технологиялық компанияларын тарту маңызды.

🔹Президент Қазақстанда жаңа технологиялық экожүйе қалыптасып жатқанын айтты. Оның құрамына  Astana Hub, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы, Qazaq AI Research University кіреді.

🔹Мемлекет басшысының айтуынша, аталған экожүйені дамыту Higgsfield AI секілді әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті технологиялық компаниялардың пайда болуына септігін тигізеді.

🔹Өз кезегінде Уильям Форд Қасым-Жомарт Тоқаевқа General Atlantic компаниясының қаржы технологиясы, электрондық коммерция, бағдарламалық жасақтама және жасанды интеллект салаларындағы жедел дамып келе жатқан компанияларға, сондай-ақ энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымға инвестиция құю мүмкіндіктері туралы айтты.

🔹Сонымен қатар Қазақстан Президенті мен General Atlantic төрағасы Екібастұзда жүзеге асырылатын «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасына назар аударды. Осы орталық аясында жасанды интеллектіге, «бұлттық» есептеулерге және цифрлық сервистерге арналған ірі инфрақұрылым алаңы жасалады. Қазіргі таңда General Atlantic компаниясы аталған жобаға қатысуға қызығушылық танытып отыр.
 
More from @ortcom_kz
  1. Oct 2, 2026Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты **** Церемония открыт…
  2. Oct 2, 2026В ходе церемония открытия также выступили основатель международного фестиваля Astana AI Fi…
  3. Oct 2, 2026Іс-шараның ашылу салтанатында Astana AI Film Festival халықаралық фестивалінің негізін қал…
  4. Oct 2, 2026Главы государства, новые возможности искусственного интеллекта открывают широкие горизонты…
  5. Oct 2, 2026Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, жасанды интеллектінің тың мүмкіндіктері жастардың әлеует…
  6. Oct 2, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →