Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті
🔹Кездесуде жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және есептеу инфрақұрылымы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды.
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің жаһандық экожүйесін қалыптастыруда NVIDIA компаниясының рөлі айрықша екенін айтты. Сонымен қатар жасанды интеллектіні Қазақстан экономикасының басым салаларында қолдану аясын кеңейтудің маңызын атап өтті.
🔹Мемлекет басшысы мен NVIDIA компаниясының вице-президенті өзара тиімді ынтымақтастықтың берік негізі қалыптасқанына назар аударды. Атап айтқанда, Қазақстанда NVIDIA технологиясының базасында екі суперкомпьютер кластері іске қосылды.
🔹Кездесуде Екібастұзда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасын жүзеге асыруға баса мән берілді. Жоба қуаттылығы шамамен 30 МВт болатын есептеу инфрақұрылымын қалыптастыруды көздейді. Кейін оның көлемін 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланған.
🔹Президент осы бастаманы табысты жүзеге асыру үшін NVIDIA және Firebird компанияларымен жасалған келісімдердің маңызына тоқталды.
🔹Рев Лебаредян Қазақстандағы жасанды интеллект инфрақұрылымының даму барысын жоғары бағалап, NVIDIA компаниясының «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасының келесі кезеңіне қатысуға ниетті екенін жеткізді.
🔹Бұдан бөлек, Қазақстанның кадрлық әлеуетін және технологиялық экожүйесін дамыту мәселелері қарастырылды.
Post #57610
49
