TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57599 77
✉️Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады
 
🇰🇿🇨🇳Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады.
 
– Ұлы Қытай тарихында жаңару мен жаңғырудың бірегей нышаны болған бұл күннің орны ерекше. Еліңіз өзіндік дәстүрі мен бай мәдениетін сақтап, даму мен экономикалық өрлеудің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Әсіресе, Қытайдың ғылыми-технология, инновация мен цифрлық экономика салаларындағы толағай жетістіктері жаһанды таңғалдырды, – деп жазылған жеделхатта.

 
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген мәңгі жан-жақты стратегиялық серіктестік тың қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар биыл Шанхайдағы жүздесу өзара ықпалдастықтың келешегіне деген ортақ көзқарасты бекемдеп, сан қырлы ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтуге жол ашқанына тоқталды.
 
Президент Қытай Төрағасының жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына құт-береке тіледі.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 1, 2026🔶ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады «Жолаушылар тасымалы» АҚ…
  2. Oct 1, 2026🔶Қазақстанда кохлеарлық импланты бар балаларды үздіксіз оңалтудың жаңа моделі енгізілуде…
  3. Oct 1, 2026✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Председателю КНР 🇰🇿🇨🇳Касым-Жом…
  4. Oct 1, 2026🇰🇿🇳🇬Глава государства поздравил Президента Нигерии с Днем Независимости ✉️Касым-Жомарт…
  5. Oct 1, 2026🇰🇿🇳🇬Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады ✉️Қасым-Жомарт…
  6. Oct 1, 2026🔶Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады Мемлеке…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →