TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57559 67
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Aurubis AG байқаушылар кеңесінің төрағасы Фриц Варенхольтты қабылдады
 
✔️Кездесуде Қазақстанның тау-кен металлургиясы кешеніндегі бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру перспективасы талқыланды.
 
✔️Мемлекет басшысы Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі экономикалық және технологиялық серіктестерінің бірі саналатынын атап өтті.
 
✔️Президенттің айтуынша, отандық өнеркәсіптің басым міндеттерінің бірі – шикізат шығарудан металды терең өңдеу, озық технологияларды енгізу және қосылған құны жоғары өнім өндірісі моделіне көшу.
 
✔️Құрамы күрделі мыс шикізатын кешенді өңдеу, ілеспе металдарды алу, қайта өңдеуді дамыту және өңдеудің кейінгі сатысындағы өндіріс нысандарын жергіліктендіру ықпалдастықтың негізгі бағыттары ретінде айқындалды.

✔️Елімізде мыс сынықтарын және техногендік минералдар түзілімін қайта өңдеу бойынша «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясы мен Aurubis арасындағы ынтымақтастық әлеуетіне ерекше назар аударылды.
 
✔️Сонымен қатар аталған бағыттағы келешегі бар жобаларды жүзеге асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу мүмкіндігі қарастырылды.

 
More from @ortcom_kz
  1. Oct 1, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энер…
  2. Oct 1, 2026🔶Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өті…
  3. Oct 1, 2026🔶1 қазан – Радио күні Қазақстанда алғашқы радиохабар 1921 жылдың қазан айында эфирге шықт…
  4. Oct 1, 2026🔶Жоғары білім саласының қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді Жоғары білім – ел дамуы…
  5. Oct 1, 2026🔶Бүгін – Қарттар күні Бұл күн – аға буынға деген айрықша құрметтің белгісі. Олардың өмірл…
  6. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары **** 🇰🇿🇩🇪 Официальный…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →