TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57557 60
Мемлекет басшысы Linde GmbH компаниясының аға вице-президенті Оливер Пфаннды қабылдады
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Linde компаниясының отандық өнеркәсіпті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
 
🔹Linde – өндіріске қажетті газдар мен инжиниринг саласындағы әлемдік жетекші компаниялардың бірі. Компанияның технологиясы металлургия, тау-кен, химия, энергетика, денсаулық сақтау, электроника салаларында және жоғары технологиялық өндірістерде кеңінен қолданылады.
 
🔹Президент компанияның Қазақстанда инвестициялық құны 500 миллион долларға дейін бағаланатын бірқатар жобаны іске асыру жоспарын, соның ішінде Linde мен Qarmet арасындағы Теміртау қаласында жаңа ауа бөлу қондырғысының құрылысы бойынша келісімге қол қойылуын құптады.
 
🔹Кездесу барысында мұнай химиясы өнеркәсібіндегі бірлескен жобалардың перспективасы қарастырылды.
 
🔹Мемлекет басшысы көміртегін тұтуға және сақтауға арналған Linde технологияларына айрықша тоқталып, компанияның сутегі инфрақұрылымын дамытуға ұмтылысы еліміздің «жасыл» экономика стандарттарына көшу міндетімен үндесетініне назар аударды.
 
🔹Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау және Маңғыстау облыстарында мұнай химиясы мен химия кластерін дамыту қолға алынғанын атап өтті. Linde компаниясын келешегі зор осы жобаларға атсалысуға шақырды.
 
🔹Оливер Пфанн компания жобаларына қолдау білдіргені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ серіктестік аясын одан әрі кеңейтуге және елімізде жаңа өндіріс ошақтарын ашуға дайын екенін жеткізді.
More from @ortcom_kz
  1. Oct 1, 2026🇰🇿🇳🇬Глава государства поздравил Президента Нигерии с Днем Независимости ✉️Касым-Жомарт…
  2. Oct 1, 2026🇰🇿🇳🇬Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады ✉️Қасым-Жомарт…
  3. Oct 1, 2026🔶Қостанай облысында 380 млрд теңгеге өңірдегі ең ірі жел электр стансасы салынады Мемлеке…
  4. Oct 1, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімімен Ғұмар Екпінұлы Серғазин Қазақстан Республикасының Атом энер…
  5. Oct 1, 2026🔶Ерте қаржыландыру: 1 қазаннан бастап «Кең дала – 2» бағдарламасы бойынша шаруалардан өті…
  6. Oct 1, 2026🔶1 қазан – Радио күні Қазақстанда алғашқы радиохабар 1921 жылдың қазан айында эфирге шықт…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →