TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57513 39
Мемлекет басшысы сапарды қорытындылай келіп, Германия Федералдық Канцлерімен мазмұнды келіссөздер аясында тараптар маңызды келісімдерге қол жеткізгеніне назар аударды

🔹Президенттің айтуынша, бүгінгі кездесулер мазмұнды және табысты өтті деуге толық негіз бар.

– Келіссөздер аясында жалпы құны шамамен 2 миллиард доллар болатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Келісімшарттар тиімді жүзеге асырылса, екі елдің ынтымақтастығы бекемделе түсетіні анық. Мен ертең Бавария қаласына барып, бірқатар жоғары лауазымды тұлғалармен кездесуді жоспарлап отырмын. Сапар барысында бірегей жиын – Қазақстан-Бавария технологиялық форумына қатысамын. Бұл басқосу да елдеріміздің ынтымағын нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🔹Қазақстан Президенті мен Германия Федералдық Канцлері аймақтық және жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

– Біз кез келген шиеленісті бейбіт және дипломатиялық жолмен шешу қажет деп есептейміз. Бұл – екі елге де ортақ ұстаным. Сонымен қатар біз «Орталық Азия – Германия» форматындағы диалогті одан әрі дамытуға келістік. Қазақстан Германиямен ұзақмерзімді, өзара тиімді және нақты нәтижеге негізделген стратегиялық серіктестікті күшейте түсуге ниетті, – деді Мемлекет басшысы.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026🔶Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады 2026 жылғы 11 жел…
  2. Sep 30, 2026🔶Қазақстан 15,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады Қазақстан әлемдік нарықта азық-түлікті…
  3. Sep 30, 2026🔶Бүгін Әділет органдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді Қазақстанда 30 қыр…
  4. Sep 30, 2026🔶30 қыркүйек күні сағат 14.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік эколо…
  5. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының бірінші күні **** 🇰🇿…
  6. Sep 29, 2026Президент акцентировал внимание на сфере искусственного интеллекта, которая открывает перс…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →