TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57500 32
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектіні енгізу және цифрлық трансформация ұлттық басымдық ретінде айқындалғанына назар аударды

🔹Сондай-ақ елімізде «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру қолға алынғанын айтты. Аталған жоба келешекте ірі есептеу қуаты бар хабқа айналады.

– Германия өнеркәсіпке арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, автоматизация, киберқауіпсіздік, инженерия және қолданбалы зерттеулер салаларында мықты. Осы артықшылықтары біздің өршіл мақсатымызға сай келеді. Неміс компанияларын деректерді өңдеу инфрақұрылымын дамытуға атсалысып, қазақстандық серіктестермен бірге тау-кен, энергетика және логистика салаларына арналған жасанды интеллект шешімдерін әзірлеуге шақырамын, – деді Президент.

🔹Мемлекет басшысы адам капиталын дамыту тақырыбын да қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның дуалды кәсіптік білім беру жүйесін жоғары бағалап, академиялық және кәсіби байланыстарды тереңдетуге негіз барын еске салды.

– Қазақстан-Германия өндірістік құзыреттер орталығының желісін құруды ұсынамыз. Оны озық жобаларды жүзеге асырумен тікелей байланыстыруға болады. Яғни әрбір ірі инвестициялық жоба кадр даярлайтын алаң болуға тиіс деген қарапайым қағидатқа сүйенген жөн. Сонда ғана капитал білімге, ал білім орнықты экономикалық өсімге ұласады, – деді Президент.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026🔶Қазақстан мен Таиланд астаналары арасында тікелей әуе қатынасы ашылады 2026 жылғы 11 жел…
  2. Sep 30, 2026🔶Қазақстан 15,5 млн тонна астық пен ұн экспорттады Қазақстан әлемдік нарықта азық-түлікті…
  3. Sep 30, 2026🔶Бүгін Әділет органдарының қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтеді Қазақстанда 30 қыр…
  4. Sep 30, 2026🔶30 қыркүйек күні сағат 14.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Мемлекеттік эколо…
  5. Sep 29, 2026🇰🇿🇩🇪Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапарының бірінші күні **** 🇰🇿…
  6. Sep 29, 2026Президент акцентировал внимание на сфере искусственного интеллекта, которая открывает перс…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →