TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57481 47
🇰🇿🇩🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
 
✔️Марапаттау салтанатында Мемлекет басшысы Президент Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

– Сіздің парасатты басшылығыңыз, берік ұстанымыңыз және диалог пен бірлікке бейілдігіңіз зор құрметке лайық. Бұл Германияға әлемдегі серіктестерінің сенімін күшейтіп, ықпалдастыққа жол ашты. Бүгінде Германия – өндірісте, ғылым мен технологияда көш бастаған, дамуы қарқынды инновациялық елдердің бірі, – деді Президент.


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қарым-қатынасты ілгерілетудегі Франк-Вальтер Штайнмайердің рөліне тоқталды.

– Президент мырза, Сізді Қазақстанның адал әрі сенімді досы, халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде жоғары бағалаймыз. Қазақстан мен Германия арасындағы достықты нығайтуға, ынтымақтастығымызды жандандыруға қосқан қомақты үлесіңізді ескере отырып, Сізге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстаймын. Бұл марапатты қазақ халқының айрықша құрметі мен шынайы ризашылығының белгісі ретінде қабыл алыңыз, – деді Мемлекет басшысы.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026🔶Қазақстандықтар TazaQazBot арқылы 50 мың өтініш жолдады Экология мәселелері бойынша халы…
  2. Sep 30, 2026🔶113 кәсіпорын МАЖ орнатуға міндетті 2021 жылы қағидада белгіленген критерийлерге сәйкес…
  3. Sep 30, 2026🔶Цифрлық «Сфера-Контроль» жүйесі экологиялық рұқсаттарды беру кезінде адами факторды азай…
  4. Sep 30, 2026video post
  5. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Глава государства Касым-Жомарт Токаев, находящийся с визитом в Германии, прибыл в…
  6. Sep 30, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →