TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57452 74
Қасым-Жомарт Тоқаев Deutsche Bahn компаниялар тобының басшыларымен кездесті
 
🔹Мемлекет басшысы Deutsche Bahn компаниясының отандық теміржол секторын жаңғыртуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

🔹Осы орайда DB Engineering & Consulting еншілес кәсіпорны мен «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының жолаушылар тасымалын дамыту бағытындағы бірлескен жобасын айрықша атап өтті.

🔹Президент Қазақстан өндірушілерін германиялық концерннің жеткізу тізбегімен ұштастырудың, соның ішінде тиісті сертификаттаудан өтудің маңызына назар аударды.

🔹Өз кезегінде Deutsche Bahn компаниясының сатып алу жөніндегі  директоры Ян Гроте концерннің Қазақстандағы жұмысы оң бағаланғанына ризашылық білдіріп, ықпалдастықты тереңдетуге дайын екенін мәлімдеді.

🔹Сонымен қатар кездесуге DB Cargo Eurasia GmbH жетекшісі Андреас Любс қатысты.

🔹Бүгінгі таңда Қазақстан мен DB Cargo Eurasia контейнермен жүк тасымалдау саласын дамыту бойынша әріптестік орнатты. Қазір Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне айрықша көңіл бөліп отыр.

🔹Тараптар көлік-логистика кешенінің барлық бағыты бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 30, 2026video post
  2. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Глава государства Касым-Жомарт Токаев, находящийся с визитом в Германии, прибыл в…
  3. Sep 30, 2026photo post
  4. Sep 30, 2026🇰🇿🇩🇪Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады 🔹Бүгін Пре…
  5. Sep 30, 2026Post #57542
  6. Sep 30, 2026🔶Астанада тәулігіне 1000 пациент қабылдайтын заманауи медициналық кешен ашу жоспарлануда…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →